Архив событий

21/10/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

21/10/2016

Сот жұмысын ұйымдастыруға байланысты қабылданған өкімге сәйкес, Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов азаматтарды қабылдау өткізді.

Сот төрағасының қабылдауы азаматтардың арыз-шағымдарын және басқа да өтінімдерін тыңдау, оларды шешу үшін жедел шара қолдану мақсатында, Қызылорда қалалық сотымен жетісіне екі рет, басқа елді мекендерден келген азаматтар үшін күнделікті жұмыс уақытысында өткізіледі.

Заңсыз қаруды алып жүргені үшін әкімшілік айыппұл салынды

21/10/2016

Арал аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ш. Арал ауданы, Жетес би елді мекенінде, ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз алып жүрген.

Сақтандыру компанияларына пилоттық жоба бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

21/10/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе  меңгерушісі А.Аблаева және Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету бөлімінің  басшысы Ш.Аманкулов «НСК» және «Трансойл» сақтандыру компанияларына барып, жол-көлік апаты салдарына  байланысты  сақтандыру төлемдерін төлеу үшін қаулыларды сақтандыру  компанияларына  электронды  түрде  жолдау бойынша пилоттық  жобасы  бойынша  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізді.

Кәмелетке толмаған сотталушы қылмыстық жазаға тартылды

21/10/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Істің мән-жайына сәйкес, кәмелетке толмаған сотталушы К.  жәбірленуші Д-ны ұрып, оған «жеңіл дәрежедегі» дене жарақатын келтірген.

Сол сәтте жәбірленуші Д. қаша жөнелген, алайда сотталушы К. оны қуып барып, басынан аяғымен екі рет теуіп, жәбірленушінің өміріне қауіпті қасақана «ауыр» дене жарақатын салып, оқиға болған жерден ізін жасырған.

«Медиация туралы» Заңы тақырыбындағы семинар

21/10/2016

Қармақшы ауданының  сотында   «Медиация туралы» Заңы тақырыбында семинар өткізілді. 

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев пен судьясы Л.Алибекова, прокуратура, кәсіби емес медиатор мен ішкі істер органдарынын өкілдері қатысты.

Кездесу барысында медиация арқылы бітімгершілікке келу мақсатында адвокаттар мен кәсіби емес медиаторлардың өзара іс-қимылы, сонымен қатар азаматтық іске қатысушылардың дау мен жанжалды соттан тыс реттеуге мүдделігін анықтау туралы мәселелері талқыланды.

«Сот кабинеті» онлайн қызметі жетілдірілуде

21/10/2016

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің  ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасын іске қосты, бұл сервистің сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Осы күні «Сот кабинеті» сервисіне сұраныстың артқан, оны пайдаланушылар саны көбейген, оны  пайдаланушылар арасында жүргізілген сұратудың қорытындыларынан көруге болатынды.

Сот 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

21/10/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы А. көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра,  автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат А. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

21/10/2016

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы ҚПК-мен көзделген жекеше айыптау тәртібімен қаралатын қылмыстық істерді қозғау жөніндегі шағымдарды қабылдау және жолдау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрғасы мен судьялары, кеңсе қызметкерлері, аудандық прокуратуранының өкілі, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Есірткіге қатысты қылмыстық теріс қылық

21/10/2016

Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты қылмыстық теріс қылығы бойынша іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында  «Алматы-Атырау» бағытына қатынайтын поезының жолаушысы Н-дан ішінде жалпы көлемі – 9,83 грамм болатын есірткілік зат «гашиш» салынған үш дана сиымдылығы 0,5 литр болатын, пластикалық шөлмектері бар пакет табылып, алынған. Яғни, ол ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған және тасымалдаған.

Ата-аналық құқығынан айырылды

21/10/2016

Талапкер А. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер И-мен заңды некеге тұрғанын, ортақ некеден  кәмелетке толмаған қызы бар екенін, казіргі таңда ажырасқандарын, жауапкер қызынан бас тартып отырғанын көрсетіп, жауапкерді кәмелетке толмаған қызына қатысты ата-аналық құқығынан айыруды сұраған.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында брифинг өтті

21/10/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сотының  судьясы  О.Абдукаликовпен  БАҚ өкілдерінің  қатысуымен  сот үкімін, сот шешімін немесе  өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты  орындамау санатындағы әкімшілік құқық  бұзушылықтар  тақырыбында  брифинг өткізілді.

Сот отырысының аудио-бейне жазбасын сақтау және жою тәртібі

21/10/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері арасында «Сот отырысының аудио-бейне жазбасын сақтау және жою тәртібі» тақырбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы  - Дыбыс-бейне түсіруді қолдану арқылы жүргізілетін сот процестері «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асыру шеңберінде  өткізілуде, ол сот істерін тиімді және объективті қарауға мүмкіндік беретіндігін айтып өтті.

Сот ата-анасының құқығын қорғады

21/10/2016

Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы әкесі К-нің жауапкер баласы К-ге үйді сыйға тарту келісім шартының күшін жою туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс қарау барысында ата-анасы келісе отырып, баласының ата-анасымен қартайғанша бірге тұратыны, жастары келгенде оларға қарайтыны, қаматамсыз ететіні және мүгедек қарындасының жағдайын жасайтыны туралы уәдесі негізінде қара шаңырақ болып табылатын үйді сыйға тарту келісім шарты негізінде кіші баласының атына аударады.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс бойынша (C-О-6), (C-R-5 санаты) әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

21/10/2016

2016 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос (уақытша бос) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға құжаттарды қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі:

Қызылорда облыстық соты 2016 жылдың 9 айындағы жұмысты қорытындылады

21/10/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттарының 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.М.Қайырбеков, облыстық соттың алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағалары, облыс судьялары, Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің басшылығы қатысты.