Архив событий

13/10/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңес өтті

13/10/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов судьялардың қатысуымен ҚР Жоғарғы Сотында өткен дөңгелек үстел құжаттарымен танысу және талқылау мақсатында кеңес өткізді.

Сот төрағасы кеңес қатысушыларын дөңгелек үстелдің күн тәртібімен және онда талқыланған «Әділдік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» тақырыбындағы Жоғарғы Сот пен Бас прокуратураның бірлескен жобасымен таныстырды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/10/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат М-ға  қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер кәмелетке толмаған сотталушы М., азамат Ж-ға бұзақылық ниетпен қасақана «жеңіл» дәрежедегі дене жарақаттарын келтірген.

Жәбірленуші сотқа сотталушымен татуласқаны, материалдық залал толық көлемінде өтеліп, сотталушыға талабы жоқ екені жөнінде өтініш жазған. Сотталушымен татуласуына байланысты істі тоқтатуын сұраған.

Қармақшы аудандық сотында брифинг өтті

13/10/2016

Қармақшы аудандық сотында «Қармақшы таңы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында аудандық соттың төрағасы Қ.Абдуллаев ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Ж-ның қылмыстық іс материалдарына тоқталды.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

13/10/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы өзімен бірге спирт ішімдігін ішкен бөтелкелесі келіншекті балғамен ұрып өлтіріп, содан соң оның өлік денесін үй ауласына көміп, оған тиесілі ұялы телефонын жымқырып алған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот айыппұл тағайындады

13/10/2016

Арал аудандық сотында жеке кәсіпкер У-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату қызметімен айналысуға 21.05.2013 жылы берілген мемлекеттік лицензиясы бар жеке кәсіпкер У. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 472-бабының 3-тармағының талаптарын сақтамай, 2016 жылдың лицензиялық алымын белгіленген мерзімде төлемеген.

Қызылорда қалалық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

13/10/2016

Сот жұмысын ұйымдастыруға байланысты қабылданған өкімге сәйкес, Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов азаматтарды қабылдау өткізді.

Сот төрағасының қабылдауы азаматтардың арыз-шағымдарын және басқа да өтінімдерін тыңдау, оларды шешу үшін жедел шара қолдану мақсатында, Қызылорда қалалық сотымен жетісіне екі рет, басқа елді мекендерден келген азаматтар үшін күнделікті жұмыс уақытысында өткізіледі.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік

13/10/2016

Сырдария  аудандық сотында құқық бұзушы Б. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Б. Мұратбаев көшесінің бойында коммуналдық қалдықтарды, яғни қорасынан шыққан қоқысты белгіленбеген орынға төгіп, ортақ пайдалану орынын ластаған, яғни ортақ пайдалану орындарын ластап, төңірегігіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Қызылорда қаласының № 2 соты 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізілді

13/10/2016

Қызылорда қаласының № 2 сотының төрағасының міндетін атқарушы Алиев Д.  2016 жылдың  9 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференция өткізді.

Баспасөз конференциясы сот билігінің абыройын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық және айқын өзара әрекет орнату және заңнама нормаларын халыққа жеткізу мақсатында өткізілд.