Облыстық соттың төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Әділхади Жұмабайұлы Шығамбаев 1968 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек  жолы:

1994-1995 жылдары    Алматы қаласы, Ауэзов аудандық прокуратурасында аға тергеушінің стажері, аға тергеуші,  Алматы қалалық прокуратурасында аса қауіпті қылмысты анықтау бөлімінде аса ауыр істер бойынша  тергеуші;

1996-1998 жылдары құқық қорғау органдарында қызметте;

1998-2002 жылдары Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық сотының судьясы; 2002-2007 жылдары Ақтау қалалық сотының төрағасы;

2007-2012 жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;

2012-2017 жылдары Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;

2017-2022 жылдары Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі  сот алқасының төрағасы болып қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі №956 Жарлығымен Қызылорда облыстық соттың төрағасы қызметін атқарып келеді.