Call-орталығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қызылорда облыстық сотында 17.09.2015 жылдан бастап Сall-орталығы өз жұмысын  бастады. Ол сот құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықтың телефон хабарламаларын қабылдауға және өңдеуге арналған.

Call-орталығы сот қызметінің ақпараттық айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, халық және сот арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін құру, сот ісіне қатысатындардың және мүдделі тұлғалардың қаралған істер бойынша қабылданған сот актілері, нәтижелері және шағымдардың, өтініштердің және арыздардың шешу мерзімдері туралы жедел және сенімді ақпаратты алу, сондай-ақ сот отырысы хатшысының жұмысын жеңілдету мақсатында құрылған. 

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері барлық сұрақтар бойынша   8(7242) 55-97-28 - Жүсіпова Шынаркүл Балтабекқызы; мен  8(7242) 55-12-20 - Сұлтанова Гүлнар Темірханқызының нөмірлері арқылы хабарласа алады.