Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 69-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) "Б" корпусы – "А" корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
9-1) алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
18-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (31.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-1) тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордың (ақпараттық жүйенің) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мемлекеттік қызметшілерді, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және өзге де азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қолдап отыру және әкімшілендіру жүктелген заңды тұлға;
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
4-бап. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:
5) мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы;
7) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
8) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi;
11) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;
16) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
17) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу;
19) мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;
Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
2) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына қойылатын үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейді және бекiтеді;
3) мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерінің кадр құрамының жай-күйіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарына мониторинг жүргізеді;
4) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды;
6) осы Заңға сәйкес мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін, сондай-ақ актілерді әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
7) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7-1) мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберу тәртібін әзірлейді;
7-2) лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есептеу тәртібін әзірлейді;
7-3) алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7-4) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрі қарай Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
8) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, оның ішінде шет елдерде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді;
9) мемлекеттiк әкiмшілiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестiреді;
10) мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн айқындайды;
12) алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
13) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібін айқындайды;
14) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекітеді;
15) мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрдағы іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
16) осы Заңды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұзып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгiзеді;
17) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыреті шегінде қаралуы міндетті ұсынулар енгізеді;
18) мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысады;
19) мемлекеттік органдарда персоналды басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
20) персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) жұмысына әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады;
21) мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды;
22) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
22-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (31.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22-1) мемлекеттік қызметшілерді, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және өзге де азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қолдап отыру және әкімшілендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оператордан сатып алады;
23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2) тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;
3) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) кадрлар іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлейді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі.
Орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға жол беріледі.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердің мемлекеттік лауазымдарын сыныптау
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
8-бап. Мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі және олардың құқықтық кепілдіктері
9-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негізгі құқықтары
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өзіне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
3) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына;
4) әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;
5) өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
6) лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға;
7) басшыдан мемлекеттiк қызметшi атқарып отырған мемлекеттік лауазымға сәйкес мiндеттерді және лауазымдық өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап беруді талап етуге;
8) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына;
9) өзi атқаратын мемлекеттік лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбекақы төленуiне;
10) тиiстi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен даярлануға, қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға;
11) мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жұмыс орнының (мемлекеттік лауазымының) сақталуына;
12) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер беруге;
13) бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет бабында ілгерілетілуге;
14) мемлекеттік қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап етуге;
15) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша шығарылуға;
16) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
17) лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
18) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшінің өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;
4) функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;
5) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;
6) қызметтік тәртiпті сақтауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға;
8) қызметтік әдепті сақтауға;
9) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға;
10) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге;
11) лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
12) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға;
13) өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге;
13-1) бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға;
14) лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға;
15) мемлекеттік органның жолдамасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды аяқтауға, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті бағдарламасы бойынша дәреже алуға, өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемелерді орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды өтеуіне алып келеді.
Мемлекеттік қызметшілердің осы тармақшада көзделген міндеттемелері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жағдайларда, бюджет қаражаты өтелместен, мерзімінен бұрын тоқтатылады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1) мемлекеттік органның мақсаттарын, тиісті аумақты дамыту мақсаттарын айқындау;
2) мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді қабылдау;
3) сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасау;
4) Қазақстан Республикасының Парламентінде және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік орган атынан өкілдік ету;
5) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және өзге де жобалардың сапалы орындалуын және оларды тиімді іске асыру үшін бақылауды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Орталық мемлекеттік органдар аппараттары басшыларының өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік органға жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастыру;
5) орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
13) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
16) мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу саласындағы жалпы басшылықты жүзеге асыру;
20) аппарат басшысына жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін аппарат басшысы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.
4. Орталық мемлекеттік органдар аппараттарының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшыларына орталық мемлекеттік органдар (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары) бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының міндеттерін жүктеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар аппараттары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының міндеттерін орталық мемлекеттік органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының) бірінші басшыларына және олардың орынбасарларына жүктеуге жол берілмейді.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер
1) өкiлдi органның депутаты болуға;
2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға;
3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқылы емес.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын және оның орынбасарларын, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның төрағасын және оның орынбасарларын қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуға және (немесе) өткізуге құқылы;
4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;
6) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.
4. Мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғын-жайларын мүліктік жалдауға беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ
14-бап. Мемлекеттік саяси қызметке кіру
Мемлекеттік саяси лауазымға орналасуға кандидаттар осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына, олар болған жағдайда, сай болуға тиіс.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру
Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшіге міндетті арнайы тексеруден өту, сынақ мерзімін белгілеу және кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.
1) өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер;
2) өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілер, судьялар;
3) уәкілетті комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын мемлекеттік саяси және әкiмшілiк қызметшілер лауазымдары тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан мемлекеттік саяси қызметшілер;
4) халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
5) мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейіні бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдар;
6) республикалық маңызы бар ірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірінші басшы лауазымын немесе бірінші басшыдан кейін келесі төмен тұрған лауазымды кемінде екі жыл атқарып жүрген немесе атқарған адамдар;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар.
Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.
3-1. Алып тасталды - ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде "Б" корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына уəкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.
Осы бапта халықаралық қызметшілер деп қызметін халықаралық ұйымдарда жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық қызметшілер болып мойындалатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын азаматтары танылады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2016 № 33-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру шарттары
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жасы бойынша шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында олардың өкілеттік мерзімдері айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарға қолданылмайды.
Зейнеткерлік жасқа толған адамды осы бапта көзделмеген өзге жағдайларда мемлекеттік саяси лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы ғана тағайындауы мүмкін.
Құқық қорғау органдарының лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылатын жасына байланысты шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті мемлекеттік лауазымдарға қатысты өзге талаптар белгіленбесе, он сегіз жасқа дейінгі;
2) сот әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған;
3) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;
4) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшiн денсаулық жағдайына арнайы талаптар белгiленген жағдайларда, медициналық мекеменiң қорытындысы негізінде лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн ауруы бар;
5) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
6) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді;
7) мемлекеттік қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
9) мемлекеттік қызметке кiрер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
10) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
11) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
12) қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған;
13) қылмыстық топтың құрамындағы қылмыс туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан;
14) жұмыста (қызметте) дәлелді себепсіз қатарынан үш және одан көп сағат бойы болмауы негізінде шығарылғаннан кейін үш жыл өткен соң мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар азаматты осындай шығару жағдайларын қоспағанда, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған азаматты;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қабылдауға болмайды.
Мемлекеттік қызметке кірген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке тұлғалардың декларацияларын мемлекеттік кіріс органдарына тапсыруға міндетті.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам (орган) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде бекітеді.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекітеді.
Егер орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының өкілеттіктеріне осы орталық атқарушы органның немесе оның ведомствосының қызмет бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру жататын болса, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары тиісті орталық атқарушы органмен келісуге жатады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қабылданатын шектеулер
Бұл шектеулерді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркейді.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдамау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға немесе қызметтен шығаруға әкеп соғады.
Төте сайлау құқығы арқылы сайланатын әкімге кандидаттарды арнаулы тексеруді қоспағанда, арнаулы тексеру жүргізу мерзімі үш айға дейінгі мерзімді құрайды.
Төте сайлау құқығы арқылы сайланатын әкімге кандидаттарды арнаулы тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарына қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.
Арнайы тексеруді жүргізу кезеңінде бұл азаматтарға мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауаптылығы, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады. Бұл азаматтардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.
Жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның актісімен ресімделеді.
Осы тармақтың ережелері төте сайлау құқығы арқылы сайланатын әкімнің мемлекеттік әкімшілік лауазымына кіретін азаматтарға қолданылмайды.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiндегi сынақ мерзімі
Қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не теріс себептер бойынша бұрын мемлекеттік лауазымнан шығарылған және мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кіретін азаматтарға сынақ мерзімі міндетті түрде белгіленеді.
Мемлекеттік саяси қызметке, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кірген мемлекеттік қызметшілер, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімдері үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.
Құқық қорғау органдарына қызметке кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.
3. Сынақ мерзімі үш айды құрайды.
Сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болғанда сынақ мерзімі мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның шешімі бойынша кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.
Азаматты сынақ мерзімінің нәтижелерi бойынша қызметтен шығару уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесімен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
Өзге функционалдық міндеттері бар лауазымға тағайындалған жағдайда жаңа сынақ мерзімі белгіленеді.
Бұл ереже орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кіретін азаматтарға қолданылмайды.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы
Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен ант қабылдайды.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. "А" КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ КІРУ
ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
22-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу
Ескерту. 22-бап алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындауды уәкілетті комиссиямен келіспей өзі жүзеге асыратын "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына азаматтарды тағайындайды және оларды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынан босатады.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен жасалатын еңбек шарттары
"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартын мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган) жасайды.
"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
24-1-бап. "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мансаптық жоспарлау
Ескерту. 4-тарау 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
25-бап. Мемлекеттік лауазымды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгерту
Мемлекеттік қызметші жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда қызметтен шығарылуға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік орган кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшіге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25-1-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын өзгерту
Келесі төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметшінің келісімімен оған мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген өзге мемлекеттік лауазым ұсынылуы мүмкін.
Ескерту. 4-тарау 25-1-баппен толықтырылды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-тарау. "Б" КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМЫНА
ОРНАЛАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;
2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;
3) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.
Осы Заңның 15-бабында көзделген жағдайларда, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес сайлау тəртібімен "Б" корпусының мемлекеттік лауазымдарына конкурстан тыс тəртіппен алғаш рет кіретін немесе қайтадан кіретін азаматтарға көрсетілген іріктеу кезеңдері қолданылмайды.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
27-бап. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс
1) жалпы конкурс;
2) ішкі конкурс.
Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі не орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі.
Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай конкурстық комиссияны құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурстық комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
2. Конкурс мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгіленген біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау;
4) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.
Конкурс Қазақстан Республикасының мәдениет, дене шынықтыру және спорт, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы заңдарға сәйкес әңгімелесу кезеңінің алдында конкурсқа қатысушыларды келісудің қосымша кезеңін қамтиды.
Конкурс өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді басылымдарда қосымша жариялауға жол беріледі.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландырулар өзі соның құрылымында тұрған мемлекеттік органның интернет-ресурсында да орналастырылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының басшылары лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу үшін конкурстық комиссия құратын мемлекеттік орган тиісті орталық атқарушы органға конкурстық комиссияның құрамына кандидатура ұсыну туралы сұрау салуды жіберуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасқан адамдарды мемлекеттік орган ішінде кейіннен ауыстыруға жол берілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасқан адамдар, тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда мемлекеттік лауазымға орналасқаннан кейін бір жыл өткен соң ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.
9. Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен осы баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдар уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.
Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2. Алып тасталды - ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тест нәтижелеріне шағым жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік қызметке кіру кезінде конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдар жұмысына қатысқанын, волонтерлік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырғанын ескереді.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.12.2016 № 33-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс көрсетілген қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
2-1. Алып тасталды - ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-1. Мемлекеттік орган құрылған кезде ішкі конкурс өткізілмейді.
5. Алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2016 № 33-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-бап. Мемлекеттік лауазымға тағайындау
Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік саяси қызметшіге, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Палатасы аппаратының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын қызметтік куәлік беріледі.
Қызметтік куәлікті беру тәртібін, оның сипаттамасын мемлекеттік орган бекітеді.
Қажет болған кезде осы тармақтың үшінші бөлігінде аталған мемлекеттік қызметшіге сәйкестендіру картасы берілуі мүмкін.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУ
31-бап. Лауазымдық нұсқаулықтар
Лауазымдық нұсқаулықтарды мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам бекітеді және олардың орындалуы мемлекеттік лауазымға жүктелетін нақты функциялар тізбесін қамтиды.
Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу мен бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметшілер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.
33-бап. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету не қызметтен шығару жөніндегі шешімдерді қабылдауға негіз болып табылады.
"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін уәкілетті орган бекітеді.
"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қанағаттанарлықсыз бағасы уәкілетті комиссиямен келісу бойынша онымен жасалған еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.
Төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған немесе мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығарылады.
Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
34-бап. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алуға арналған оқу процесі.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау – қосымша кәсіби білім алуға арналған оқу курстары.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру – олардың құзыретін жетілдіруге арналған оқыту семинарлары.
2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырудан өтеді.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мемлекеттік орган қызметінің бейіні бойынша өзге де білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:
1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
2. Нақ сол ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылуы мүмкін.
Көтермелеулерді қолдану тәртібі мемлекеттік органдардың актілерінде белгіленеді.
36-бап. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасы
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамасы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
37-бап. Мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету
Осы мемлекеттік органдағы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардағы жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдар деп неғұрлым жоғары біліктілік талаптары қойылатын, ал біліктілік талаптары тең болған кезде - неғұрлым жоғары жалақы белгіленген мемлекеттік лауазымдар түсініледі.
Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
38-бап. Міндеттерді уақытша жүктеу
Орталық мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық атқарушы органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдері орынбасарларының міндеттерін үш айдан аспайтын кезеңге уақытша жүктеуге жол беріледі.
Бұл ретте, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері мен кеңесшілеріне басшылық мемлекеттік лауазым міндеттері жүктелмейді.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің міндеттерін басқа мемлекеттік әкімшілік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай уақытша жүктеу ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
40-бап. Мемлекеттік қызметшілердің әскери қызметке шақырылуы
41-бап. Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау
Мемлекеттік саяси қызметшілерді және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін ротациялау деп оларды тиісінше бос немесе уақытша бос мемлекеттік саяси лауазымдарға және "А" корпусының мемлекеттік лауазымдарына не мемлекеттік саяси қызметшілер мен "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсініледі.
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін ротациялау деп "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына не "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсініледі.
Басқа жерге ротациялау кезінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілер "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін өңіраралық ротациялауды үйлестіруді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедек, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында қарт ата-анасы бар мемлекеттік қызметшілерді басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі.
Аталған мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап. Мемлекеттік органды құру кезеңінде азаматтарды жұмысқа қабылдау
Ұзартуға болмайтын осы мерзім ішінде көрсетілген мемлекеттік лауазымдар осы Заңға сәйкес бос болмауға тиіс.
"А" корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бойынша көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін жұмысқа қабылдау "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына белгіленген арнайы біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін адамдар қатарынан жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын осындай адамдар мен оларды жұмысқа уақытша қабылдаған мемлекеттік орган арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
43-бап. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы
Мемлекеттік қызметші атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде ол жөнінде өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы осы өкімді жазбаша түрде растаған жағдайда, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, мемлекеттік қызметші оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз өкімді орындауының салдарлары үшін осы өкімді растаған басшы жауапты болады.
1) бағынысты адам жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінә арасындағы байланыс анықталған;
2) бағынысты адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы не сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқан жағдайлардың жиынтығы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
44-бап. Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар
3. Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
4-1) өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету;
5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.
Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.
Атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару түріндегі тәртіптік жаза осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша қолданылады.
Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардың кез келгенін қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.
Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардың кез келгенін қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.
1) лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамдар (орган) қолданады;
2) бірінші тәртіптік жазаны қолдану заңды болған және тәртіптік жаза теріс қылықтың ауырлығына сай келген жағдайда нақ сол терiс қылық үшiн қайталап қолдануға болмайды;
3) тәртіптік жаза Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен қолданылады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай тәртіптік комиссияны құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай тәртіптік комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының немесе жоғары тұрған органның шешімі бойынша құрылады.
Орталық мемлекеттік орган басшысының шешімімен орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай тәртіптік комиссияны құруға жол беріледі не орталық мемлекеттік орган ведомствосы басшысының шешімімен орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері үшін бірыңғай тәртіптік комиссияны құруға жол беріледі.
10. Тәртіптік жазаны қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
45-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану мерзімдері
Белгiлi бiр іс-әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылмалы құқық бұзушылық деп танылады.
Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан, бірақ адамның іс-әрекеттерінде осы Заңда көзделген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілері болған жағдайда тәртіптік жаза қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
1) мемлекеттiк қызметшiнiң еңбекке уақытша жарамсыздығы;
2) мемлекеттік қызметшінің демалыста немесе iссапарда болуы;
3) мемлекеттік қызметшінің мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау уақытында өзінің лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылуы;
4) мемлекеттік қызметшінің даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болуы;
5) мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы кезеңінде қолдануға болмайды.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
47-бап. Мемлекеттік қызметшілердің нұқсан келтіргені үшін материалдық жауаптылығы
2. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органға келтірілген тікелей нақты нұқсанды өтеуге міндетті.
48-бап. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілуі мүмкін;
2) мемлекеттік қызметшіні қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан шығару құқығы бар лауазымды адам (орган) жауаптылық туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ жалақысы сақтала отырып, бір айдан аспайтын мерзімге лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету жөнінде лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамның (органның) немесе өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адамның (органның) актісі шығарылады.
8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕБІ
49-бап. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын талаптар
1) заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;
2) мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге;
3) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
4) жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
6) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге;
7) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
50-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар
1) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуы;
11) жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы;
14) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беруі;
Мемлекеттiк қызметшінің шотына осы адам білмей келiп түскен ақша, сондай-ақ ол тиісті функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған қаражат олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiмде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;
Өзіне сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оларды "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;
жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша;
егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетi мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;
жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үшiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сапарлар, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды;
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тiкелей басшы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, оның iшiнде:
1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруға;
2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;
3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға тиіс.
52-бап. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы
Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ
ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ
53-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу
Мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.
Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
54-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы
Мемлекеттік қызметшілерге алғашқы және одан кейінгі жылдардағы жұмысы үшін жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуына күнтізбелік үш күн қалғаннан кешіктірілмей, ал еңбек демалысы графиктен тыс берілген жағдайда – берілген күнінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
55-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру
56-бап. Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары
Мәні бірдей лауазым болмаған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда осы мемлекеттік органдағы өзге мемлекеттік лауазым ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда ол қызметтен шығарылуға жатады.
Ұсынылған лауазымнан бас тартқан, кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге басқа мемлекеттік органның, оның ішінде жойылған (таратылған) немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері берілген мемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.
Ескертпе. Осы тармақтың мақсаттары үшін басқа мемлекеттік орган деп дербес заңды тұлға ретінде тіркелген мемлекеттік орган түсініледі.
Мәні бірдей лауазым болмаған кезде, мемлекеттік әкімшілік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда өзге лауазым ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда ол қызметтен шығарылуға жатады. Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
Осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес ұсынылатын лауазым туралы хабарламаны алған мемлекеттік әкімшілік қызметші қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Көрсетілген мерзімде шешім болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметші қызметтен шығарылуға жатады.
Мұндай жағдайда мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті адам (орган) мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы тиісті акт шығарады.
Мұндай жағдайда мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті адам (орган) уақытша бос мемлекеттік лауазымға қабылданған адамды тұрақты негізде мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы тиісті акт шығарады.
Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
57-бап. Мемлекеттік қызметшілердің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары
Мемлекеттiк қызметшілерге iссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, межелі жерге жету және кері қайту үшін жүріп-тұру шығыстарына, тұрғын үй-жай жалдау шығыстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепiлдiктер мен құқық беріледі.
Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
58-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақылары
10-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУЫ
59-бап. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы
Мемлекеттік саяси қызметшінің саяси лауазымда атқаратын өкілеттіктері:
1) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
1-1) шет мемлекеттің азаматтығы болған;
2) мемлекеттік орган таратылған (жойылған);
3) мемлекеттік саяси қызметші өзінің кірістері және өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынған;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған;
5) өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеген;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
7) мемлекеттік саяси қызметшіге қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
8) мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттіктерін доғару туралы жеке жазбаша өтініші негізінде отставкасы қабылданған;
9) мемлекеттік саяси қызметшіні ол атқаратын лауазымға тағайындау (сайлау) құқығы берілген лауазымды адам (орган) тиісті шешім қабылдаған;
10) басқа жұмысқа ауысқан;
11) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік қызметке қабылдаған;
12) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік қызметке қабылдаған;
13) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан;
14) мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтерді мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынған;
15) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында өзгеше көзделмесе, ол Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен жағдайларда тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін өз өкілеттігін жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімі бойынша, әдетте, бес жылға дейінгі мерзімге жалғастыра алады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.
Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттіктері мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған, мемлекеттік саяси лауазым мемлекеттік әкімшілік лауазымға өзгертілген жағдайларда да тоқтатылуы мүмкін.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
60-бап. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға шығуы және қызметтен шығарылуы
Отставкадан бас тартылған жағдайда мемлекеттік саяси қызметшi заңға сәйкес отставкадан бас тарту туралы шешiм қабылдаған адамның (органның) шешімі бойынша тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Егер отставкаға шығу негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген болса, мемлекеттік саяси қызметшілер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жалпы негіздер бойынша қызметтен шығарылады.
1) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – орталық мемлекеттік органның басшысы;
2) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың әкімі;
3) өзі жетекшілік ететін ведомствоның, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары;
4) өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімінің орынбасары;
5) өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, әкім отставкаға өтініш береді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде отставкаға өтініш береді.
Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
61-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін олардың жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, олардың өз қалауы бойынша қызметтен шығару туралы өтініш беруi;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін олардың жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымға орналасуы;
3) мемлекеттік қызметте болу мерзімін тараптардың өзара келісімі бойынша бір жылға ұзарту құқығы ескеріліп, олардың Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;
4) еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген негiздер бойынша еңбек шартының бұзылуы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген олардың өкілеттік мерзімдерінің аяқталуы;
6) олар атқаратын мемлекеттік лауазымдардың саяси лауазымдарға не жергілікті өкілді органдар азаматтарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындайтын немесе олар сайланатын мемлекеттік лауазымдарға өзгертілуі;
7) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамауы;
9) өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншiк құқығымен тиесілі үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті сенiмгерлік басқаруға бермеуi;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
10-1) шет мемлекет азаматтығының болуы;
11) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы;
12) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;
13) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
14) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
15) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы;
16) мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынуы;
17) мемлекеттік лауазымға тағайындалу немесе сайлану кезінде осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмеуі;
18) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстан тыс орналасуы;
19) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
20) осы Заңға сәйкес олардың жұмысын бағалаудың қанағаттанарлықсыз нәтижелері;
20-1) сынақ мерзімінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері;
21) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де негiздемелер.
Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
62-бап. Мемлекеттік қызметке қайта орналастыру
Қызметтен заңсыз шығарылған мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сай келген жағдайда мемлекеттік қызметке бұрынғы (олардың келісімімен – соған тең) мемлекеттік лауазымға қайта орналастырылады және қызметтен заңсыз шығарылғаннан кейін қол жеткізе алмаған барлық құқықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл кезең мемлекеттік қызмет өтіліне қосылады.
3. Аттестаттау қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылады;
2) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді;
3) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады;
4) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
64-бап. Мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту
Шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын мемлекеттік органдар уәкілетті комиссияның келісімі бойынша белгілейді. Мемлекеттік органдар қабылдайтын шетелдік жұмыскерлер қызметінің сапасы үшін дербес жауаптылық мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі.
3. Шетелдік жұмыскерлерді тарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
65-бап. Мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық ынтымақтастық мынадай бағыттарды қамтиды:
1) мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу;
2) мемлекеттік қызметшілерді шет елдерде оқыту;
3) шетелдік мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды Қазақстан Республикасында оқыту;
4) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру.
66-бап. Мемлекеттiк қызметті өткерудiң өзге де мәселелерi
67-бап. Мемлекеттік қызметті қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
69-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.12.2016 № 33-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының
Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |