Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ішкі қауіпсіздік бөлімі (бұдан әрі – ІҚБ) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің (бұдан әрі – СӘ) аумақтық бөлімшелері болып табылады.

ІҚБ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Қызылорда облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің (бұдан әр – Департамент) ішкі қауіпсіздік бөлімі СӘ-нің ІҚБ-не тікелей бағынышты дербес құрылымдық бөлімше ретінде Департамент құрылымына енеді.

Өзінің қызметін ІҚБ заңдылық, құпиялылық, есептілік және тікелей бағыныштылық қағидаларында, белгіленген тәртіпте СӘ-нің, жергілікті соттардың басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.

Бөлім құрылымы:

- Бөлім басшысынан;

- 2 сот приставынан тұрады. 

 ІҚБ негізгі міндеттері

- судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық көрінісінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ жоғарыда аталған адамдарға қатысты арандатушылық әрекеттер фактісіне қарсы іс-қимыл жасау;

- мемлекеттік немесе қызметтік құпиядан тұратын мәліметтердің тарап кетуін, тапсырылуын анықтау және оның алдын алу.

Қызылорда облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Тұрғанбай Ғани Айтбайұлы, қызметтік телефоны  8 /7242/ 55 97 06.

Бөлімнің сенім телефоны 8 /7242/ 55 98 84