Жаңалықтар

Қылмыс жазасыз қалмайды

23/04/2024

«Ұрлық түбі - қорлық» демекші, мұндай қылмысқа барудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны бесенеден белгілі. Өкінішке орай, кейбір жандар оны білсе де, осындай теріс әрекетке барып жатады.

Мәселен, Арал аудандық сотында өзгенің мүлкін тұрғын үй құрылысы нысандарына заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасырын жымқырып,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2),3)-тармақтарымен айыпталған М., Қ. және Ә-нің қылмыстық ісі қаралды.

Заңсыз балық аулаған

23/04/2024

Сырдария  аудандық сотында алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз балық аулаған сотталушылар А. және У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сырдария ауданының прокуроры мен күдіктілер А. және У.-ның арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалып, осыған байланысты іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Сот отырысында сотталушылардың Сырдария ауданына қарасты «Қалғандария» каналынан заңсыз балық аулағаны анықталған.

Зейнеткердің құқығы қорғалды

23/04/2024

Қызылорда қаласының тұрғындары Р. мен Ә. арасында пәтерді сыйға тарту шарты жасалып, егде жастағы әйел қайын сіңілісінің үйін алады.

 Өз кезегінде зейнеткер пәтерді банкке кепілге қойып, несие алып, ақшасын қайын сіңілісіне берген.

Уақыт өте келе, аталған пәтерге байланысты тараптар арасында дау туған. Себебі, пәтерде зейнеткердің күйеуінің екінші қарындасы тұрып жатқан. Ол үйді босатпай, бұл пәтердің өзіне берілгенін айтқан.

«TikTok» желісінде жалған ақпарат таратқан

23/04/2024

Жалағаш аудандық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Ж.-дан моральдық және материалдық зиянды өндіру, әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрау туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматша Б.  азамат Ж.-мен  «TikTok» желісі арқылы танысқан. Танысу барысында азамат Ж.-ның ойының дұрыс еместігін байқап, әрі қарай сөйлеспей кеткен. Ал, азамат Ж. қайта-қайта мазасын алып, мас күйінде келіп анасына: «Қызыңыз маған тұрмысқа шықсын, мен оны алып қашам» -деп қорқытқан.

Тұтынушының құқығы қорғалды

23/04/2024

Қала  тұрғыны А. есімді әйел «N» дүкенінен жалпы сомасы 4 500 000 теңге болатын жиһаздарға тапсырыс берген.

Жиһаздарды алу үшін 2 000 000 теңгені  банк арқылы  алты ай мерзімге бөліп төлеу арқылы несие рәсімдеп, қалған 2 500 000 теңгені қолма-қол дүкен иесіне табыс еткен. 

Арада бірнеше күннен кейін бағасы  750 000 теңге тұратын шкафты әйелдің  үйіне әкеліп,  орнатып берген.

Экономикалық сотқа жаңадан судья тағайындалды

23/04/2024

Бүгін Қызылорда облыстық сотында өткізілген жалпы отырыста облыстық сот төрағасы Ә.Шығамбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі №523 Жарлығымен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Жүсіпов Телжан Қуанышбекұлын сот ұжымына таныстырды.  

Облыстық соттың төрағасы судьяның жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Қысқаша мәлімет:

Аудандық соттардың төрағаларын сайлау үшін дауыс берді

23/04/2024

Қызылорда облыстық сотында өткізілген кеңейтілген жиында Байқоңыр қалалық сотының және Жаңақорған аудандық сотының төрағаларын сайлау мәселесі қаралды.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық соттардың төрағаларын сайлау бойынша жаңа әдіс енгізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері талқыланды

23/04/2024

Бүгін Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі мен іскерлік киім үлгісін сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшісінің басшылары мен мамандары қатысты.

Семинарды Е.Бөрібаев ашып, қатысушылардың күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған  мәселелердің өзектілігіне тоқталды.

Сенбілік – тазалық кепілі

23/04/2024

Бүгін Байқоңыр қалалық соты және Жалағаш аудандық сотының ұжымы сенбілік өткізді.

Сенбілік барысында сот қызметкерлері ғимарат қоршауын сырлап, ағаш бұталарды, жапырақтар мен қоқыстарды жинастырып, гүл егіп, ауланы тазалау жұмыстарын жүргізілді.

Сенбілік сот ғимараты мен оның қоршалған аумағында тазалықты сақтау, санитарлық жай-күйді жақсарту мақсатында өткізіліп тұрады.

Талап қоюшы өкілдеріне ақшалай өндіріп алу қолданылды

23/04/2024

Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданылады.

Беттер