Атқарылған жұмыстар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 

Қызылорда облыстық сотында Судьялар Одағының Қызылорда облысы филиалының ұйымдастыруымен баспасөз конференциясы өткізілді.
Оған Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков, облыстық «Qyzylorda» телеарнасының және «Сыр бойы», «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт жастары», «Сыр дидары» газеттерінің тілшілері қатысты.
Шараны филиал төрағасы Б.Елшібеков ашып, журналистерді Судьялар Одағының жұмысымен таныстырып, Судьялар Одағының съезі төрт жылда бір рет өткізілетінін, соның нәтижесінде, сот жүйесіне бірқатар жаңашылдықтар мен өзгерістер енгізіліп, ауқымды жұмыстар атқарылғанына тоқталып, биыл Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының ІХ съезі өтетінін, онда сот жүйесінің даму бағыттары айқындалып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланатынын атап өтіп, Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының жұмысы жөнінде кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының ІХ съезі қарсаңында өңірдің журналистері арасында «Сот репортері» байқауы өткізілетінін атап өтті. Байқауға ұсынылған журналистердің авторлық жұмыстарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамда заңдылықты және тәртіпті нығатудағы сот жүйесінің рөлі, Судьялар Одағының қызметі және сот жүйесіндегі жаңашылдықтар қамтылу керектігіне тоқталды.
Шара соңында баспасөз конференциясына қатысушылар өзара пікір алмасты.