Сот приставтары туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150 Заңы.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы
1. Сот приставы - мемлекеттiк қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.
2. Сот приставына нысанды киiм (погонсыз), сәйкестендіру картасы және жетон берiледi, олардың үлгiлерiн соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтеді.
Сот приставтарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Сот приставтарының мiндеттерi
Сот приставтарының мiндеттерi:
1) сот отырысы кезiнде залда қоғамдық тәртiптi сақтау;
2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау;
3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу;
4) сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету болып табылады.
5) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.06.22 № 147; 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары
Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
4-бап. Сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртiбi
1. Сот приставтарының бөлімшелерін Жоғарғы Сотта және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерде (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) (Соттардың әкімшісі) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) құрады.
2. Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады;
2) сот приставтары кадрларын оқытумен, олардың кәсiби даярлығын арттырумен айналысады;
3) сот приставтары қызметiнiң тәжiрибесiн жинақтап қорытады, соның негiзiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi;
4) сот приставтары қызметiнiң есебiн жүргiзумен айналысады;
5) басқа мемлекеттiк және құқық қорғау органдарымен соттар қызметiнiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз етедi;
6) сот приставтарының бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
3. Алынып тасталды - ҚР 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Аумақтық бөлімшелерде сот приставтарын тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын уәкілетті органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
5. Сот приставтары бөлiмшелерiнiң штат санын уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат саны шегiнде бекiтедi.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.06.22 № 147 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Сот приставының құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылы
1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде - iшкi iстер органдары қызметкерлерiнен, ал әскери соттың сот приставы әскери қолбасшылықтан көмек сұрауға құқылы.
6-бап. Сот приставына қойылатын талаптар
1. Кемiнде жиырма бiр жасқа толған, орта (орта білімнен кейінгі) бiлiмi бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады.
Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтiп, содан кейiн табельдiк және электрлік атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Сот приставының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:
1) азаматтардан сот қызметiнiң белгiленген тәртiбiн сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы iс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге;
1-1) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) соттың үй-жайында (көшпелi отырыс өткiзiлген жағдайда - сот отырысы өткiзiлiп жатқан үй-жайда) құқық бұзушыны әкiмшiлiк жолмен ұстауға;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту үшiн құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;
4) құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткiзуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен атыс және электрлік қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы.
1) өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге;
2) судьяларды және сот процесiне қатысатын өзге де тұлғаларды күзетудi жүзеге асыруға;
3) кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге;
4) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) сот отырысы залында және соттың үй-жайында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
6) судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық iс пен заттық айғақтарды жеткiзудi және соттың тұрақты орналасқан жерiнен тыс сот талқылауын жүргiзу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
7) судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртiбiн сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға;
8) сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келудi жүзеге асыруға;
9) қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 409; 2006.06.22 № 147; 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртiбi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сот приставының атыс және электрлік қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануы осы Заңның 2-бабында аталған мiндеттердi орындауға ғана байланысты болуы мүмкiн.
2. Сот приставтарының атыс қаруын:
1) судьялар мен сот талқылауына қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенде оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
3) қаруды немесе арнаулы құралдарды иелену әрекетiн тыю;
1) судьяларға және соттың талқылауына қатысушыларға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiн қолданудың адамдар өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбiр жағдайында дереу прокурорға хабарланады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.05 № 409, 2006.06.22 № 147, 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-бап. Сот приставтарының жауапкершiлiгi
Жасаған терiс қылықтары мен құқық бұзушылықтары, өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн сот приставтары заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады.
9-1-бап. Сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Мүдделі тұлға сот приставының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары
1. Сот приставтарын міндетті сақтандыру бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 Заңымен.
3. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде не қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының салдарынан қызметтен босағаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерi көлемiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
4. Сот приставына қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты, жаралану (контузия), мертiгу, сырқат салдарынан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде оған мынадай мөлшерде бiржолғы өтемақылар:
1) бiрiншi топтағы мүгедекке - бес жылдық жалақысы;
2) екiншi топтағы мүгедекке - үш жылдық жалақысы;
3) үшiншi топтағы мүгедекке - жылдық жалақысы төленедi.
5. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде мүгедектiкке әкелiп соқпаған ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда - оған үш айлық жалақысы, жеңiл зақым жағдайында айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төленедi. Бұл ретте осы бапта көзделген біржолғы өтемақылар басқа төлемдерге, соның ішінде сақтандыру төлемдері мен зиянды өтеу тәртібімен жасалатын төлемдерге қарамастан төленеді.
6. Егер сот приставының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi) қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты емес жағдаяттарда болғаны белгiленген тәртiп бойынша дәлелденсе, осы бапта көзделген біржолғы өтемақы төленбейдi.
7. Қаза тапқан адамның отбасына және оның асырауындағыларға асыраушысынан айырылуына байланысты заңдарда белгiленген тәртiп бойынша зейнетақы тағайындалады.
8. Қайтыс болған немесе қаза тапқан сот приставын жерлеу үшiн төлем тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген мөлшерде берiледi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
11-бап. Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру
Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
12-бап. Сот приставтарының қызметiн бақылау
Жоғарғы Сотта және аумақтық бөлімшелерде сот приставтарының қызметін бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.27 № 367-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының |
|