Архив событий

17/10/2016

«Атқару парақтарының орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

17/10/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Атқару парақтарының орындалуы» тақырыбында  дөнгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, судья А.Сабыров, Қызылорда облыстық прокуратурасының аға көмекшісі А.Кемалов, Қызылорда облысы бойынша Әділет Департаментінің өкілі Т.Космуратов, ЗК 169/5 мекемесінің өкілі Ә.Бесбаева және сот қызметкерлері қатысты.

Сырдария аудандық соты 9 айды қорытындыланды

17/10/2016

Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшілерінің қатысуымен, ағымдағы жылдың тоғыз айында қаралған істер мен атқарылған шаралар жайлы баспасөз-конференция өткізді.

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

17/10/2016

Шиелі аудандық сотымен Өзбекстан Республикасы азаматтарына қатысты 12 әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  істер  қаралды.

Өзбекстан Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзып, олар тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын мерзім ішінде кетуден жалтарған.

Сот отырысында құқық бұзушылар кінәлерін мойындап, кері қайтатын жолға қаражаттарының болмау себебінен кете алмағандарын мәлімдеді.

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

17/10/2016

Қызылорда қалалық сотында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының журналистерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья К.Сәдуақасова «Мемлекеттік органдардың әрекеттеріне дау айту туралы азаматтық істердің қаралуы» тақырыбында хабарлама жасап, сот өндірісіндегі осы санаттағы істердің қаралу барысына тоқталды.

Брифингте судья өзінің өндірісінде болған азаматтық іс туралы айтып, азаматтық істің қаралуы барысында туындайтын мәселелерге  тоқталды.

Сырдария аудандық сотында брифинг өтті

17/10/2016

Сырдария аудандық сотында  БАҚ өкілдерінің  қатысуымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігін қолдану барысы жөнінде брифинг өтті.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы екендігі белгіленген.

Әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу әрекетін жасағаны үшін 3 тәулікке қамаққа алынды

17/10/2016

Құқық бұзушы ҚР ІІМ-нің ҰҰ 5547 әскери бөлімінің 1-ші жедел мақсаттағы ротасының 2-ші взвод 2-ші бөлімшенің сарбаз аспазшы К. әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде 5547 әскери бөлімінің 1-ші жедел мақсаттағы ротасының 2-ші взвод 2-ші бөлімшенің мерзімді әскери қызметкері қатардағы Б-ға қарсы ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, қорлап ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабының 1-бөлігінде қаралған ҚР әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу әрекетін жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа  жолданған.

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

17/10/2016

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференцияны Қызылорда қалалық сотының  судьясы К.А.Садуақасова жүргізді.

Қызылорда қалалық сотына 2016 жылдың тоғыз айында 8 742 азаматтық іс пен талап арыз түскен.

Аяқталған азаматтық істердің саны 8 348 істі құрады.

Қармақшы аудандық сотында баспасөз конференциясы өткізілді

17/10/2016

Қармақшы аудандық сотында аудандық соттың төрағасы мен судьялары, сот қызметкерлерінің және «Қармақшы таңы» газетінің тілшісінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Іс-шара барысында аудандық сот төрағасы Қ.Абдуллаев 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

«Ашық есік күні» өткізілді

17/10/2016

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Шараны қабылдауға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы Е.Тұрбаев қабылдады.

Сот төрағасының қабылдауында Арал қаласының тұрғыны Н. болып, көршісі мен арасындағы жер мәселесіне қатысты түсініспеушіліктерге байланысты сауалдарын қойды.

Қойылған сауалдарға сот төрағасымен заң тұрғысынан тұжырымды жауаптар берілді.