Архив событий

27/10/2016

Сот актісін орындамағаны үшін айыппұл тағайындалды

27/10/2016

Сырдария аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Б. Сырдария аудандық сотының 23.07.2015 жылғы өндіріп алушы М-ның пайдасына 1/4 бөлікте алимент өндіру туралы атқару құжатын орындамағаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 21 210 теңге әкімшілік жазасы тағайындалып, айыппұл сомасы 30% қысқартылып, 14 847 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

«Қылмыстық істер бойынша айыппұл түріндегі жазалардың орындалуы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

27/10/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында «Қылмыстық істер бойынша айыппұл түріндегі жазалардың орындалуы туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Оған судьялар мен сот кеңсесінің мамандары қатысты. Семинарда судья А.Сұлтанбеков  баяндама жасады.

Жеңіл дене жарақатын келтіргені үшін 74 235 теңге төлейтін болды

27/10/2016

Жаңақорған аудандық сотына жеке айыптау тәртібімен шағымданған, жеке айыптаушы Б-ның сотталушы К-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108-бабымен айыпталған қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы К. жеке айыптаушы Б-ны үйде ұрып-соғып, денсаулығына зиян келтірген.

Сотпен сотталушы К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылып, оған 35 АЕК көлемінде, яғни 74 235 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

27/10/2016

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен айыпталған А., және Ж.,  қылмыстық ісі қаралып, медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар дүкенге кіріп, 20 000 теңге ақша қаражатын және сөреде тұрған құны 76 260 теңгенің заттарын жасырын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Белгіленген шектеулерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

27/10/2016

Арал аудандық сотында азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы И. өзіне қатысты Арал аудандық сотының қаулысымен белгіленген шектеулерді орындамай, әкімшілік қадағалау заңнамасын бұзып, заң талаптарына немқұрайлықпен қарап, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде құқық бұзушылықты қайталап жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы И. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 480-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке  әкімшілік қамаққа алынды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін айыппұл тағайындалды

27/10/2016

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат А. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған, яғни Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармағын қасақана бұзып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

27/10/2016

 Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, құқық бұзушы Ж.-ның тәрбиесіндегі кәмелет жасына толмаған ұлы Ф. орталық алаңда шемішке қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргені анықталды.

Сот, құқық бұзушы Ж-ны ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танып, оған 10 393 теңге көлемінде айыппұл салды.

19 мемлекеттік қызметші біліктілік арттыру курсын тәмамдады

27/10/2016

Қызылорда облыстық сотында 2016 жылдың 24-26 қазан аралығында Мемлекеттiк қызметшiлердi және бюджеттiк сала қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру өңiрлiк орталығы «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі, мемлекеттік қызмет өткеру мәселесі» тақырыбында сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар бағдарламасын ұйымдастырды.

Сот әкімшілік айыппұл тағайындады

27/10/2016

Қазалы аудандық сотында азамат И-ге қатысты әкімішілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес құқық бұзушы И. өз басқаруындағы автокөлігімен жасөспірім Н-ның велосипедіне соғып, нәтижесінде материалдық шығын келтіргені анықталды.

Сот қаулысымен азамат И. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 21 210 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Талап қанағаттандырылды

27/10/2016

Арал аудандық сотының шешімімен талап қоюшы Б-ның жауапкер И-ден қарыз ақшасын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы Б. 23.04.2016 жылы жауапкер И-ге 2016 жылдың маусым айына дейінгі мерзімге 100 000 теңге қарызға ақша берген. Жауапкер ол жөнінде өз қолымен жазып, қолхат берген. Алайда, жауапкер қарыздың жартысын қайтарып, қалған 50 000 теңгені осы уақытқа дейін қайтармаған, сондықтан талап қоюшы Б. жауапкер И-ден барлығы қалған қарызды қайтаруды сұраған.