Архив событий

26/10/2016

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолданудағы басымдылықтар

26/10/2016

Сырдария аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолданудағы басымдылықтар» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға аудандық сот төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, қорғаушы Қ.Жаппасбаева, Сырдария  аудандық кәсіпкерлік палатасының өкілі Б.Дүйсенбаев, жеке кәсіпкерлер А.Обашқанова және аудандық сот қызметкерлері  қатысты.

Мемлекеттік бюджет пайдасына өндірілді

26/10/2016

Жаңақорған аудандық сотымен Жаңақорған ауданы бойынша Мемелекеттік кірістер басқармасының көлік салығы бойынша және мемлекеттік баж алымын мемлекеттік бюджет пайдасына өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, жауапкер Ш-ның атына автокөлігіне меншік құқығы тіркелгенін, осы мүлікке салынатын көлік салығы бойынша бюджетке төлемеген.   

Тараптар өзара келісімге келді

26/10/2016

Талапкер Е. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына  талап арыз беріп, онда жауапкерлер  Б.  және А-ға өзінің кәмелетке толмаған балдарын асыра бағу үшін төленіп жатқан алимент мөлшерін  азайтуды  сұраған.

Істі қарау барысында талапкер, жауапкерлермен татуласу келісімге  келіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Семинар сабағы өткізілді

26/10/2016

Сырдария аудандық «Казпошта» АҚ-ны филиалында «Іске қатысушыларды хабарлау барысында туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Сырдария аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев, Сырдария аудандық «Қазпошта» АҚ-ны филиалының кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағында іске қатысушыларды хабарлау барысында туындайтын негізгі мәселелер айтылып, оларды шешу туралы ұсыныстар қарастырылды.

Арал аудандық сотында дау медиация тәртібімен реттеді

26/10/2016

Арал ауданының тұрғыны А. некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгініп, жауапкермен 2007 жылы заңды некеге тұрғанын, осы некеден төрт баласы барын, жауапкермен жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Сот отырысында тараптар дауды кәсіпкой медиатордың көмегімен реттеу туралы келісімге келіп, татуласып, істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Жедел кеңес жиналысы өткізілді

26/10/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жедел кеңес өткізілді.

Іс шараға сот қызметкерлері қатысты. Жедел кеңесте 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындыланды. Жетістіктер мен кемшіліктер көрсетіліп, алдағы уақытта жасалатын шаралар белгіленді.

Сот төрағасы С.Сүлеймен статистикалық мәліметерді атап өтіп, көрсеткіштерді жоғарлатуға, бақылаудағы тапсырмаларға уақытылы жауап беруге, сот саласындағы болып жатқан жаңалықтарды насихаттауға тапсырма берді.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

26/10/2016

Талапкер «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы жауапкер «Қ» мемлекеттік мекемесінен 42 58 теңге қарыз сомасын және 1 277 теңге мемлекеттік баж өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарынан анықталғандай, жауапкер «Қ» мемлекеттік мекемесі байланыс қызметін пайдаланғаны үшін «Қазақтелеком» АҚ-на 42 581 теңге қарыз болған.

Жауапкерге бірнеше мәрте қарызын төлеу туралы талапкер тарапынан хабарламалар жолданған, алайда жауапкер қарыз сомасын уақытылы төлемеген.

Көлік басқару құқығынан айырылды

26/10/2016

Қармақшы аудандық сотында К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы К. алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарып, құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 

Мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды

26/10/2016

Қызылорда облысы Шиелі аудандық соты орта мектеп директорына қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарында анықталғандай, сотталушы М. азаматша А-ны қазақ орта мектебі жанындағы интернатқа тәрбиеші ретінде қызметке қабылдау үшін 300 000 теңге көлемінде пара алған.