Архив событий

18/10/2016

Тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды

18/10/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. алкогольдік масаң күйінде өз үйінде жанжал шығарып, інісінің мазасын алып, балағат сөздер айтып, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші Д., құқық бұзушыға кешірім беретінін айтып, өзара татуласуларына байланысты әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

18/10/2016

Қармақшы аудандық соты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының төрағасы, прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

18/10/2016

Қазалы аудандық сотында сотталушы К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы К. бұрынғы зайыбын қорлап, тиісіп, абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткен.

Басты сот талқылауында, сотталушы мен жәбірленуші «Медиация туралы» Заңының тәртібімен өзара ымыраға келіп, татуласып, келісімге келіп, істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін медиативтік келісімді сотқа ұсынды.

Қызылорда қалалық сотында «Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау тәртібіне» жасалған шолуды талқылау өтті

18/10/2016

Қызылорда қалалық сотында жұмыс жоспарына сәйкес, жасалған 2016 жылдың 9 айында «Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау тәртібіне» жасалған шолуды талқыланды.

Шолуды жасаған бас маман Н.Дуйсенова осы мерзімдегі түскен арыз шағымдардың статистикалық мәліметтері жайлы айтты. Сондай-ақ, азаматтардың сотқа арыз шағым келтіретін негізгі тақырыптарына тоқталды. Бұл жерде азаматтық істердің  қаралуына қатысты емес арыз шағымдар негізге алынғандығын айта кету керек.

Жауапкер әкелікті мойындады

18/10/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен әкелікті мойындау туралы талап арыз қанағаттандырылды. Талапкер Г. сотқа талап беріп, онда жауапкер С. арасындағы заңды некелері сот шешімімен бұзылғанын, бірге тұрған уақытта Е. есімді баласы болғанын, некелері бұзылғаннан кейін қайта қосылып, Н.

Бітімгершілік келісім жасау талқыланды

18/10/2016

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында талаптарды және дауларды шешудің баламалы әдістері көзделген. Оның бірі бітімгершілік келісімге келу.

Жалағаш аудандық сотында «Бітімгершілік келісім туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараға аудандық соттың судьясы Т.Темірбаев, қорғаушылар Б.Орынбекова, кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев және сот мамандары қатысты.

Азаматтық істер медиация тәртібімен қысқартылды

18/10/2016

Талапкер «С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Қ» мемлекеттік комуналдық мекемесінен ақша өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша реттеуге келісімге келген.

ҚР АПК-нің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім  жасасса және оны сот бекітсе іс жүргізу тоқтатылады.

Қоғамдық орында тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл тағайындалды

18/10/2016

Байқоңыр қалалық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Алматы қаласының тұрғыны құқық бұзушы К. «Алматы-Атырау» поезында алкогольдік масаң күйде былапыт сөйлеп, жолаушылардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Қоғамдық орында тыныштықты бұзғаны үшін құқық бұзушы Төретам станциясынан түсіріліп алынды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылды

18/10/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотымен құқық бұзушыға айыппұл салынды.

Құқық бұзушы Д. мейрамхана иесі болып, жеке кәсіпкер ретінде  қызмет жасап, осы ойын-сауық орнына жауапты тұлға бола тұра кәмелетке толмағандар А., Б. және Ж-ны заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта аталған мейрамханада болуына жол берген.