Архив событий

24/10/2016

Сот еңбек өтілі фактісін анықтады

24/10/2016

Арал аудандық сотында азаматша Н-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілін анықтау фактісі жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сырдария аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

24/10/2016

Сырдария аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Қылмыстық және қылмыстық процестік кодекстерінің қолдану барысы, істер мен арыздарды соттылық тәртібімен қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, аудан прокурорының көмекшісі Таңбаев Н., АІІБ-нің орынбасары С.Сыздық  және аудандық  «Тіршілік тынысы»  газетінің тілшісі қатысты.

Сот төрағасы істерді қылмыстық заңнамаларына қатысты қарау ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

24/10/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы Т.-ның жауапкер А.-дан берешек қарызын және сот шығындарын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Т. талап арызында, жауапкер А.-дан 419 500 теңге көлемінде берешек қарызын және 14 795 теңге көлемінде сот шығындарын өндіруді сұраған.

Тараптар сот талқылауы барысында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты

24/10/2016

Жалағаш аудандық сотында Ш-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 256 бабының 2 бөлігімен (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру)  қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы  лаңкестік сипаттағы идеяларды ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалану арқылы таратқан.

«Істі сот талқылауына дайындау» тақырыбындағы семинар сабағы

24/10/2016

Сырдария аудандық сотында «Істі сот талқылауына дайындау» тақырыбында судьялар мен кеңсе мамандарының қатысуларымен семинар сабақ өткізілді.

Сот төрағасы А.Абдулла қатысушыларға, судья арызды соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді,  істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкiмшiлiк қамаққа алынды

24/10/2016

Қармақшы аудандық  сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С-ға қатысты   әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Жосалы кентінің тұрғыны С. темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орынды ластағандығы анықталды.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

24/10/2016

Қармақшы аудандық сотында отбасында жанжал шығарған азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат К. алкогольдік масаң күйде жеке тұрғын үйінде, жұбайына былапыт сөйлегені анықталды.

Сот қаулысымен азамат Д. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты

24/10/2016

Қазалы аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат М. Шымкент-Самара тас жолында келе жатып, автокөлігін алкогольдік масаң күйдегі азамат А-ның басқаруына беріп, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат М. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Тұрмыстық жанжал реттелді

24/10/2016

Қазалы аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы М., үйінде өзімен бірге тұратын келіні Г-ге сыйламаушылық танытып, былапыт сөйлеп, тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде, осы іс-әрекеттерді қайталап, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.