Архив событий

31/10/2016

Қоғамдық орында адамдарды мазалағаны үшін әкімшілік шара көрілді

31/10/2016

Арал аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында, Арал қаласы Ә.Төлегенұлы көшесі бойында адамдарға тиісу фактісі анықталған, яғни, қоғамдық орында заттарды өзгеше тәсілмен сату мақсатында кәсіпкерлік субьектісі болып табылмайтын Өзбекстан Республикасының азаматы Ш. адамдарға тиісіп, мазалап өтініш білдіру сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған.

Қарыз өндіру туралы талап-арыз ішінара қанағаттандырылды

31/10/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы «Finance» Арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер Ж-ден банктік қарыз шарты бойынша қарызды өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

«Finance» Арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС сотқа талап қою арызымен жүгініп, жауапкер  Ж-дан  банктік қарыз шарты бойынша  барлығы 557 849 теңге өндіруді сұраған.

Сот шешімімен талап қоюшы «Finance» Арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС-ның қарыз өндіру туралы арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкер Ж-дан барлығы 188 451 теңге өндірілді.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

31/10/2016

Қызылорда облысы Сырдария аудандық сотының 13.10.2015 жылғы атқару құжаты бойынша борышкер М-дан мемлекет пайдасына 636 222 теңге өндіруге жататынына қарамастан, құқық бұзушы М. аталған атқару құжатын орындамаған.

Құқық бұзушы М. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған салынатын 10  айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 21210 теңге 30 пайызға қысқартылып, 14847 теңге айыппұл салынды.

Сырдария аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды рәсімдеу» тақырыбында семинар өткізілді

31/10/2016

Сырдария аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамаларды рәсімдеу» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға аудандық сотының судьялары, аудан прокурорының көмекшісі, ІІБ-ның жергілікті полиция қызметі инспекторлары, учаскелік инспекторлар, көші-қон полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

Аталған семинарды өткізудегі негізгі мақсат - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау.

«Гендерлік саясаттың қоғамдағы орны» тақырбында семинар сабағы өткізілді

31/10/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары мен қызметкерлері арасында «Гендерлік саясаттың қоғамдағы орны» тақырбында семинар сабағы өткізілді. Семинарды осы соттың судьясы А.Әбілқайысқызы жүргізді.

Медиация - бұл дауларды бейбіт шешудің заңды жолы

31/10/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы И-дың жауапкер С-дан берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы И. талап арызында жауапкер С-дан 500 000 теңге көлемінде берешек қарызын және өкіл көмегіне төленген 20 000 теңгені өндіруді сұраған.

Тараптар сот талқылауы барысында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

31/10/2016

Сырдария аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Істі қарау барысында сотпен азамат А. алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарғаны анықталды.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

31/10/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік сатып алу заңнамасы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингті осы соттың бас маманы  Л.Карибаева өткізді. Брифинг  БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Брифингте бас маман Л. Карибаева қатысушыларға «Мемлекеттік сатып алу заңнамасының» қағидалары мен негізгі талаптарын түсіндірді.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

31/10/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысын сот төрағасы С.Сүлеймен ашып, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаеваға сөз кезегін берді.