Архив событий

05/10/2016

Байқоңыр қалалық соты 2016 жылдың 9 айында ұсақ бұзақылық туралы 57 іс қарады

05/10/2016

Байқоңыр қалалық соты  ағымдағы жылдың 9 айында ӘҚБтК 25-тарауы «Қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар», яғни «ұсақ бұзақылық» бойынша 57 әкімшілік іс қарады.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

05/10/2016

Арал аудандық орталық ауруханасы азамат К-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызбен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат К. спирт ішімдіктерін ұдайы пайдалануы себепті, тұрғылықты жерінен теріс мінезделеді, жүргізілген алдын-алу жұмыстарынан ешқандай оң қорытынды шығармай отыр, еш жерде жұмыс жасамайды, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қоғам қағидаларына қайшы өмір сүртіндігі анықталған.

Полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған

05/10/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттарында, құқық бұзушы А. Қызылорда қаласы, Журба көшесі, автокөлікті басқару барысында, полиция қызметкерінің автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған, яғни ҚР жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтамаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1жыл мерзімге көлік құралын басқару  құқығынан айырылды.

Аңшы мылтығын рұқсатсыз, тіркеусіз алып жүргені үшін айыппұл салынып, айғақты зат мемлекет пайдасына тәркіленді

05/10/2016

Құқық бұзушы Б. Қызылорда қаласы, Сағынбаев көшесі, мұнай құю бекеті тұсында профилактикалық іс-шараларға байланысты Қ-ның басқаруындағы «Ваз 2121» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру кезінде ішінде жолаушы болған Б-ға тиесілі құжатсыз, 2 ұңғылы, 16 калибрлі Т №19702 «ТОЗ-63» маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз, тіркеусіз заңсыз алып жүріп тасымалдағаны анықталды.

Заңды маңызы бар фактісі анықталды

05/10/2016

Қармақшы ауданының  тұрғыны  Б. сотқа арыз беріп, онда өзінің тегі қате көрсетілген еңбек кітапшасын өзіне тиесілі фактісін анықтауды сұраған.

Сот отырысында, арызданушының атына 25.02.1988 жылы толтырылған еңбек кітапшасында оның тегі мен аты қате жазылып, жеке куәлігіндегі тегі мен атына сәйкес келмейтіні анықталды.

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

05/10/2016

Қызылорда қалалық сотында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының журналистерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья Ж.Дербісалиева алда өткізілетін Республика судьяларының кезектен тыс VIІ съезі туралы айтылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жедел кеңес өткізілді

05/10/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары мен сот мамандарының қатысуымен жедел кеңес  өткізілді.

Жедел кеңесті сот төрағасы А.Дауренбеков аша отырып, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, материалдық, процессуалдық заң нормаларының қолданылуы, сот актілерінің жазылу сапасы және сот актілерінің орындалу барысы талқыланды.