Архив событий

03/10/2016

Тараптар медиация тәртібімен келісімге келді

03/10/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған С-ның  қылмыстық ісі медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. танысы Е-нің үйіне келіп, онымен бірге спирт ішімдігін ішкен, бұдан соң үй иелерінің ұйықтап қалғандығын пайдаланып, азамат Е-нің бағасы 16000 теңге тұратын ұялы телефонын және 50 000 теңге ақшасын жасырын ұрлап, жәбірленушіге материалдық залал келтірген.

Жер учаскесін меншік иесінен мәжбүрлеп алып қою туралы туралы азаматтық ісі қаралған

03/10/2016

Қызылорда қалалық сотында  «Қызылорда облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау басқармасы» ММ жауапкер А. мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесін меншік иесінен мәжбүрлеп алып қою туралы туралы азаматтық ісі қаралған.

Арал аудандық сотында брифинг өтті

03/10/2016

Арал аудандық сотында 28 қыркүйек 2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Жұмысқа қайта орналастыру санатында қаралған азаматтық істер» бойынша брифинг өтті.

Жаңақорған аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

03/10/2016

Жаңақорған аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Шара аясында азаматша Ж. жұбайынан балаларына тиесілі алимент өндіру, заңды некені бұзу және тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу туралы  сұрақтарымен жүгінді.

Ұйымдастырылған ашық есік күні бойынша өзін толғандырып, шешімін таппай жүрген сұрақтары бойынша аудандық соттың төрағасы Н.Қосанов қабылдап, қойылған сауалдарына сәйкес заң талаптарын түсіндірді.

Дау медиациялық келісіммен шешілді

03/10/2016

Қызылорда қаласының аумағында жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде азамат К. әкімшілік соттың қаулысымен кінәлі деп танылған.

Сотқа берген арызында талап қоюшы Н. жауапкер К-ден 163 мың  материалдық зиянды, 5000 теңге өкілге төленген шығынды және мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығынын өндіруді сұраған.  

Қоғамдық жұмысқа тартылды

03/10/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен азамат Т-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотталушы Т. Арал аудандық сотының 18 ақпан 2016 жылғы қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан екі жыл мерзімге айырылған. Алайда, ол осыған қарамай, 10 қыркүйек 2016 жылы автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарып келе жатып, жол-полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Процессуалдық келісім

03/10/2016

Байқоңыр қалалық соты «Процессуалдық келісім, оны жасасудың ерекше тәртібі» тақырыбына «дөңгелек үстел іс-шарасын» өткізді. Іс-шараға судьялар және сот мамандары, прокуратура өкілі, ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері, Байқоңыр қаласы адвокат алқасының адвокаты, қылмыс-атқару инспекциясының пробация қызметінің өкілі қатысты.

Әскери бөлім командирінің бұйрығын орындаудан қасақана бас тартқаны үшін 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

03/10/2016

Құқық бұзушы ҚР ҰҚК-нің №2019 әскери бөлімінің шекара командирі Ш., әскери бөлім командирі Р-дың белгіленген тәртіппен бұйрығын орындаудан қасақана ашықтан-ашық бас тартқан үшін, әскери полиция бөлімімен Ш-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушы Ш. Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2  тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды

03/10/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б. Алкогольдік масаң күйінде өз үйінде жанжал шығарып, інісінің мазасын алып, балағат сөздер айтып, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші құқық бұзушыға кешірім беретінін айтып, өзара татуласуларына байланысты әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының заңды нұсқамаларын орындамау фактісі бойынша брифинг өткізілді

03/10/2016

Қармақшы аудандық сотында аудандық «Қармақшы таңы» газетінің тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте судья Л.Алибекова Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған Ж.-нің әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен Қармақшы аудандық орта мектепке тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріліп, мектеп директоры нұсқаманы орындамағаны анықталған.

Сот бөтен мүлікті талан-таражға салу жолымен жымқырған азаматшаға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады

03/10/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында қызмет бабын пайдалана отырып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу жолымен жымқырған  сотталушы М-ға қатысты сот үкімі шықты.