Архив событий

28/10/2016

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

28/10/2016

Қызылорда қалалық сотында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының журналистерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте соттың баспасөз хатшысы Н.Дүйсенова «100 Нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуы мақсатында кәсіби сот жүйесін дамытуға, соттардың жұмысына ақпараттық технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы аясында жан-жақты ақпарат берді.

Облыстық сотта «дөңгелек үстел» өтті

28/10/2016

Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасындағы сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған Стратегиясының жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Жиын жұмысына Қызылорда облыстық, қалада орналасқан соттардың  судьялары, Қызылорда қалалық сотында тағылымдамадан өтуші судьялыққа үміткерлер және Қызылорда ОІІД-нің  әкімшілік  полиция Басқармасы мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелді» ашқан Қызылорда облыстық сотының судьясы Гүлсім Таңатова күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.

Жалағаш аудандық сотында брифинг өтті

28/10/2016

Жалағаш аудандық сотында «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың бас маманы А.Тоғысова ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін ҚР жаңа ӘҚБтК-мен қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат беріп, ол бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, өткен 2015 жылдың осы мерзімімен  салыстырғанда, үстіміздегі жылдың осы кезеңінде қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны азайғанын айтты.

Әріптесімізді құттықтаймыз!

28/10/2016

Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің ұйымдастыруымен «Тіл байлығы-ел байлығы» тақырыбында сот қызметкерлерінің арасында байқау  өткізілді.

Аталған  байқауға  Қызылорда  қалалық мамандандырылған  әкімшілік сотынан бас маман-сот отырысының хатшысы Жақсылықов Әл-Фараби Рашитұлы  қатысып, жүлделі  бірінші  орынды  иеленді.

Әріптесімізді  жеңісімен  құттықтаймыз.

Қызылорда қалалық сотында жұмыс көрсеткіштерін жақсарту мақсатында атқарылатын іс-шаралар бекітілді

28/10/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов судьялардың қатысуымен жедел кеңес өткізді, жедел кеңесте 2016 жылдың тоғыз айында судьялармен сот әділдігін жүзеге асыру сапасы талқыланып, көрсеткіштерді жақсарту мақсатында атқарылатын іс-шаралар бекітілді.

Талқылау барысында сот төрағасы ағымдағы жылдың тоғыз айында орын алған кемшіліктерді айта келе, осы мерзімде апелляциялық сот алқасымен бұзылған және өзгертілген сот актілеріне нақты тоқталды. Аталған сот актілерін қабылдаған судьялардың пікірлерін тыңдады. 

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл тағайындалды

28/10/2016

Қармақшы аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. автокөлік басқарып келе жатып, «Тойота» маркалы автоколігіне соғып, жол көлік оқиғасын жасап,  жәбірленушіге мүліктік шығын келтірген.

Құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 14 847 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.    

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

28/10/2016

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Д.Алиев өз өндірісіндегі  қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкіліне брифинг өткізді.

ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен сотталушы Ж., асхана пышағын алып, өз анасының заңды некедегі жоқ күйеуі  жәбірленуші Б-ның өмірі мен  денсаулығына ауыр санаттағы қылмысты жасаған қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Алиев Думан  журналист қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот әрекетке қабілетсіз деп таныды

28/10/2016

Қазалы аудандық сотында арыз беруші Р-ның қызы Ш-ны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес арыз беруші Р., қызы  Ш., 2001 жылдан бері психиатриялық диспансерде есепте тұратындығын, психикалық ауруының салдарынан өз әрекетінің нақты сипаты мен маңызын түсінбейтіндігін, ол өзінің әрекетіне жауап бере алмайтындығын, сондықтан  оны  әрекетке қабілетсіз деп тануды, арызын қанағаттандыруды сұрады.

Сот шешімімен арыз беруші Р-ның арызы қанағаттандырылып, қызы Ш., әрекетке қабілетсіз деп танылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қызылорда қалалық сотында тараптарға сот отырысы жайлы хабарлау мен шақырту тәртібін оқып-үйрену сабағы өтті

28/10/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысымен 05.03.2016 жылы бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу Ережелеріне»  сәйкес, тараптарға сот отырысы жайлы хабарлау мен шақырту тәртібін оқып-үйрену сабағы өтті.       

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер ескерту берілді

28/10/2016

Арал аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, азамат С. алкогольдік масаң күйінде, өз үйінде анасына балағат сөздер айтып, сыйламаушылық білдіргені анықталды.

Сотта жәбірленуші Т. құқық бұзушыға кешірім бермейтінін, заң жүзінде шара көруді сұрайтынын көрсеткен.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған ескерту түріндегі жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.  

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/10/2016

Талапкер «С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Қ» мемлекеттік комуналдық мекемесінен ақша өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сотта тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша реттеуге келісімге келген.

ҚР АПК-нің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім  жасасса және оны сот бекітсе іс жүргізу тоқтатылады.

Сот, азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, азаматтық іс жүргізуді өндірістен қысқартты.  

Неке медиация тәртібімен сақталды

28/10/2016

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Е-мен араларындағы неке бұзуды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы А., өз талап арызында, жауапкер Е-мен 2002 жылдан заңды некеде тұрғанын, ортақ некеден 4 балалы болғандарын, алайда, мінездері жараспағандықтан, отбасын сақтауға мүмкіншілік  жоқтығын айтып, көрсеткен.

Сотта  тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, соттан азаматтық  істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Сот медиация тәртібіндегі келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірістен  тоқтатылды.

Банктік қарыз сомасын өндіру туралы шешім қабылданды

28/10/2016

Қызылорда қалалық сотында талапкер «Банк Хоум Кредит» АҚ-ның жауапкер А. қатысты банктік қарызды өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс құжаттарынан 28 қазан 2014 жылы «Банк Хоум Кредит» АҚ және А. арасында 24 ай мерзімге, 516 000 теңге сомасын беру туралы несие шарты жасалған.

Шартта қаралған, несиені қайтару тәртібін және уақыты бойынша жауапкер өзіне алған келісім міндеттемелерін орындамаған.

Қызылордада сот қызметкерлерінің арасында тіл байқауы өтті

28/10/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Тіл байлығы-ел байлығы» тақырыбында байқау өтті.

Байқауға облыстық, қалада орналасқан соттардың кеңсе қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты - жергілікті соттарда іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге жаңа серпін беріп, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің сот жүйесінде кеңінен қолданылуына жағдай туғызу.