Архив событий

06/10/2016

Банктік қарызды өндіру туралы талап ішінара қанағаттандырылды

06/10/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы «Finance» арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер С-дан банктік заем шарты бойынша 464 016 теңге қарыз сомасын және 13 920 теңге мемлекеттік баж алымы шығындарын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік іс бойынша өндірісті тоқтатты

06/10/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен әкімшілік іс қысқарды.

Іс құжаттарына сәйкес, әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  хаттамасына сәйкес құқық бұзушы Р.  өзінің  кәмелет жасына толмаған баласы А-ны дәлелсіз  себептермен  қасақана  сабақтан  қалуға  жол  берген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өтті

06/10/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді.

Соттың кеңсе меңгерушісі М. Асанова күн тәртібіндегі тақырыпты атап өтіп, сөз кезегін баяндамашыларға берді. Баяндамашы К.Шакиев семинар барысында гендерлік саясаттының мәні мен маңыздылығы туралы айтып өтті.

Сөз кезегі бас маман сот отырысының хатшысы Е.Есжановқа берілді, ол өз кезегінде: «Іс жүргізу барысында мемлекеттік тілдің қолданылуы» туралы баяндады.

Шиелі аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмысы қорытындыланды

06/10/2016

Шиелі аудандық сотында 2016 жылдың 9 айдағы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау баспасөз конференциясы өткізілді.

Іс шараға аудандық сот төрағасы М.Еркінбеков, аудандық сот судьялары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Қазалы аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

06/10/2016

1 қазан - қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізу, өскелең ұрпаққа үлкенге құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру мақсатында, жыл сайын дәстүр бойынша қазан айында өткізілетін «Халықаралық қарттар күні» аясында Қазалы аудандық сотының ұжымы да өз  ардагерлерін құттықтады.

Қазалы аудандық сотының ұжымы  доғарыстағы-судья Жақыпов Мұхиядиннің, сот саласының ардагерлері Таласбаева Мария мен Шаймова Шакизаданың үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық тілеп, мерекелік сыйлық тарту етті.

Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылды

06/10/2016

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы Ю.  03.12.2015 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына 20.12.2015 жылға дейін уақытша тіркеуге тұрып, пайда табу мақсатында Қызылорда қаласында сауда-саттық жұмыстарымен айналысып жүрген жерінен 24.09.2016 жылы жергілікті уақыт сағат 09:00 минут шамасында Қызылорда ҚІІБ-ң полиция қызметкерлерімен ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

06/10/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен айыпталған Е-нің қылмыстық ісі медиация тәртібімен қысқартылды.

Сотта сотталушы Е. Әйтеке би кентінде орналасқан мейрамхана терезесінің әйнегін сындырып, қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзумен  ұштасқан бұзақылық жасап, жәбірленуші Ш-ға 10 000 теңге мүліктік залал келтіргені анықталды.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бос (уақытша бос) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды кадр резервінен таңдау бойынша 2016 жылғы 06 қазанда өткізілген комиссия отырысының ШЕШІМІ:

06/10/2016

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің төмендегі лауазымдарына  жалпы  конкурс  жариялансын:

1.Қызылорда қалалық соты кеңсесінің  жетекші маманы  (С-R-5 санаты, 1 бірлік);

2.Қызылорда қалалық соты кеңсесінің сот приставы  (С-R-5 санаты, 1 бірлік);

3.Қызылорда облысының қылмыстық  істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің жетекші  маманы  лауазымы (С-R-5 санаты, 1 бірлік);

Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмерін тағып, автокөлік басқарған

06/10/2016

Құқық бұзушы Т. өзінің басқаруындағы автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін тағып, Қызылорда қаласы, Әбілқайырхан көшесінде басқарып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық  бұзушылық  жасаған.

Құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 42 420 теңге  айыппұл салынды.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

06/10/2016

2016 жылдың қазан айының 6 жұлдызында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.