Архив событий

14/10/2016

Сот борышкерге іздеу жариялау туралы ұсынысты қанағаттандырды

14/10/2016

Арал аудандық сотында сот актілерін орындау Департаментінің Арал аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысының азамат Н-ға іздеу жариялау туралы ұсынысы қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, полиция қаулысымен азамат Н-ға 19 820 теңге көлемінде мемлекет пайдасына айыппұл салынған. Борышкердің айыппұлды ерікті түрде төлемеуі себепті, қаулы сот орындаушыға мәжбүрлеп орындату үшін жолданған.

Орман қорына кіретін бұталарды заңсыз сындырған

14/10/2016

Жалағаш аудандық сотында азамат К-ға қатысты қылмыстық іс бойынша қаулы қабылданды.

Іс бойынша азамат К. өсіп тұрған сексеуіл өсімдігін заңсыз сындырып, 0,5 куб сексеуіл бұтасын автокөлігінің жүк салғышына тиеп, мемлекетке жалпы құны 5 302 теңге мүліктік зиян келтірген.

Сөйтіп азамат К. орман қорына кіретін ағаштарды бұталарды заңсыз кескен.

Медиация тәртібімен неке сақталды

14/10/2016

Байқоңыр қалалық соты неке бұзу туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Өзінің талап арызында талапкер жауапкермен 2009 жылы неке құрып, ортақ некеден үш бала тәрбиелеп отырғанын, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан некесі жараспағанын көрсеткен. Ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, ортақ мүлікті бөлу, және балаларды тәрбиелеу туралы даудың жоқтығын ескеріп, некені бұзуды сұраған.

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстелі өтті

14/10/2016

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Сот актілері мен атқару парақтарын электронды түрде жеке сот орындаушылар өңірлік палаталарға орындауға жолдау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, кеңсе сот отырысының қызметкерлері, аудандық прокуратуранының өкілі, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі, Жаңақорған аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.

Азаматтық іс бойынша брифинг өткізілді

14/10/2016

Талап қоюшы «М» мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Ж» ауылдық су тұтынушылар кооперативінен 8 009 932 доллар қарызды өндіруді сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, жауапкер өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған және кесте бойынша қарыз ақшасын төлемеген, яғни, 05 ақпан 2016 жылға дейнгі қарызы 8 009 932,16 АҚШ доллорын, оның ішінде: негізгі қарыз – 964 494,00 АҚШ доллары, сыйақы – 1 309 793,63 АҚШ доллары, негізгі қарыз және өсімпұлдың қосындысымен айыппұл– 5 735 644,53 АҚШ долларын құрайды.

Әкімшілік іс бойынша брифинг

14/10/2016

Арал аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты және шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен азамат Ө-ге қатысты қаралған әкімшілік іс бойынша мәлімет берді.

Баламен кездесу уақыты белгіленді

14/10/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап арызды қанағаттандырды. 

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

14/10/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов судьялармен сот 2016 жылдың 6 айында сот отырысы кейінге қалдырыла отырып қаралған істер бойынша туындаған сұрақтарға қатысты жедел кеңес өткізді.

Жедел кеңесте сот төрағасы судьяларды ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қ амтамасыз ету Департаментімен 2016 жылдың екінші жартыжылдығында азаматтық істермен сот отырыстарын кейінге қалдыру тәжірибесі бойынша БААТЖ бағдарламасындағы сот қаулыларын зерделей отырып жасалған шолумен таныстырды.

Жаңақорған аудандық сотында семинар өтті

14/10/2016

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Сот ғимаратында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, сот отырысының хатшылары, кеңсе қызметкерлері, Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысты.