Архив событий

10/10/2016

БАҚ өкілдерімен баспасөз-конференция өткізілді

10/10/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшілерінің қатысуымен баспасөз-конференция өткізілді.

Судья Қ.Бержанов БАҚ өкілдеріне ағымдағы жылдың 9 айында сотта қаралған істерге тоқталып өтті, атап айтқанда: қылмыстық істер бойынша сот өндірісіне 34 адамға қатысты 26 қылмыстық іс түскен. Осы істердің 18-і үкіммен аяқталса, 7 іс қаулымен өндірістен қысқартылған.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында баспасөз-конференциясы өтті

10/10/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференцияны Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының  төрағасы М.Ибрашев жүргізді.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына 2016 жылдың  тоғыз айында 4693 әкімшілік іс  келіп түскен  Оның ішінде 13 әкімшілік іс ведомстволық бағыныстылық бойынша қарау үшін жолданса,  4667  әкімшілік іс негізінен қаралған.

Арал аудандық соты Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетелдікті жауапкершілікке тартты

10/10/2016

Арал аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Арал АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының азаматы Т-ның Шымкент қаласында уақытша тіркеліп, Арал қаласында тұрып жатқандығы анықталған, яғни ол, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Қызылорда қалалық сотының жұмысы жайлы арнайы бағдарлама түсірілімі жасалды

10/10/2016

Қызылорда қалалық сотының судьялары мен кеңсе қызметкерлері облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасымен әзірленген «Қазақстан-2050» бағдарламасының түсіріліміне қатысты.

Бағдарламада судья Ж.Дербісалиева Елбасы жолдауы, сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтар, Елбасының  100 нақты қадам «Ұлт Жоспары» аясында атқарылған шаралар, сонымен бірге, қазан айында өткізілетін республика судьяларының кезектен тыс VIІ съезі туралы баяндады.

Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін жазаға тартылды

10/10/2016

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А-ны полиция қызметкерлері тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен оған жеке қарау жүргізген кезде, одан 1,99 грамм болатын кептірілген марихуана табылған, яғни ол есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

10/10/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот қызметкерлері қатысты.

Іс шараны кеңсе меңгерушісі ашып, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқандығын айтты.

Жалағаш аудандық соты 2016 жылдың 9 ай бойынша жұмысын қорытындылады

10/10/2016

Жалағаш аудандық сотында 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға сот төрағасы А.Мизанбаев, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев, «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі С.Бертаев қатысты.

Қазалы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

10/10/2016

Қазалы аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуларымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Шарада аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы  Қ.Темірбаев қатысушыларға 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында  167 қылмыстық, 1531 азаматтық, 1009 әкімшілік істердің қаралып, аяқталғанын, азаматтық және қылмыстық істер бойынша істердің көбеюінің себептерін атап өтті.

Қылмыстық сот 2016 жылдың 9 айын қорытындылады

10/10/2016

Ағымдағы жылдың 7 қазан күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы өткізілді.

БАҚ өкілдеріне тұжырымдама таныстырылды

10/10/2016

Қызылорда облысы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық соттың ұйымдастыруымен өткен брифинг барысында облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Артур Наримов БАҚ өкілдеріне Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасын таныстырды.