Архив событий

04/10/2016

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

04/10/2016

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 10 қазанында сағат 11-00 мен 13-00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 55-97-95, 55-97-84 номеріне хабарласуына болады.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық

04/10/2016

Жалағаш аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат үйдің жаныңда, енесіне себепсіз былапыт сөйлеген. Осы әрекетімен, ер азамат қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Әкімшілік заңнамаларды қолдану жөнінде полиция қызметкерлерінің жеке құрамына семинар өткізілді

04/10/2016

Арал аудандық соты аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын рәсімдеуде Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлымен өткізілген шараға аудандық ішкі істер бөлімінің басшы құрамының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің барлық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Сотта оқып үйрену семинары өтті

04/10/2016

Қызылорда қалалық  сотының кеңсе қызметкерлері арасында «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі жаңашылдықтарды түсіндіруге арналған семинар өтті.   

Сот 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

04/10/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 54 жастағы сотталушы Т. қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

2016 жылдың 14 шілде күні сотталушы Т. саяжайдағы апасының үй жағынан өтіп бара жатқан таныс әйел, жәбірленуші Д-ны кездестіріп, екеуі бірге С.Тоймбетовтың саяжайлық үйдің ауласындағы сәкі үстінде отырып спирт ішімдігін ішкен.

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

04/10/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында заңды тұлға өкілінің қатысуымен  «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

«Ашық есік күніне» келуші азаматтарды Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы  Ғ.Бекмамбетов қабылдады.

Іс-шараға  «Қазақтелеком» АҚ-ның заңгері қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

Қалалық сотта дөңгелек үстел өтті

04/10/2016

Қызылорда қалалық соты «Казақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. 

Аталған шараға сот төрағасы А.Бабатов, кеңсе меңгерушісі А.Кульманова, облыстық адвокаттар кеңесінің адвокаттары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі және «Жас Отан» жастар қанаты  областық  өкілдігінің  мүшесі қатысты.