Архив событий

07/10/2016

Бөтен мүлікті жасырын ұрлаған

07/10/2016

Арал аудандық сотында сотталушы К-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К.  «Ақтөбе-Алматы» бағытына қатынайтын жолаушылар поездының жолаушысы жәбірленуші А-ның ұялы телефонын жасырын ұрлап кетіп, жәбірленушіге 140 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Сотқа жәбірленуші А. келтірілген мүліктік залалдың толық қалпына келтірілгенін, сондықтан қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініш білдірген.

Қызылорда қалалық сотында «Мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы істердің қаралуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07/10/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы А.Бабатовтың, судьялардың және Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық наркология орталығы» МКҚК заң кеңесшісі Ш.Шуренова мен нарколог Ж.Сахованың қатысуымен  «Мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы азаматтық істердің қаралуы»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасы А.Бабатов 2016 жылдың 9 айында сот өндірісіне түскен осы санаттағы істердің стаистикалық мәліметіне және қаралу тәжірибесіне тоқталды.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өтті

07/10/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 2 курс студенттері келді. Олар сот жүйесіндегі өзгерістер туралы, соттың қарауына жататын істер санаты туралы, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы, жалпы сот саласына қатысты сұрақтар қойды.  

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық

07/10/2016

Арал аудандық сотымен жол қауіпсіздігі ережесін бұзған құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы өз автокөлігімен Арал қаласы, Бекмырзахан көшесімен жүріп келе жатып, қарсы бағытта келе жатқан автокөлікке соқтығысқаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 АЕК көлемінде айыппұл жазасы тағайындалған.

Қазақстан Республикасына келіп, ішкі істер органдарына уақытша тіркеуге тұрмаған

07/10/2016

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы К. 11.07.2016 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына уақытша тіркеуге тұрмай  Қазақстан  Республикасында болу Қағидаларын бұзған.

Құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен  кінәлі  деп  танылып, 1  тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

07/10/2016

Қармақшы аудандық сотында 2016 жылдың 13 қазанында сағат 10:00 мен 12:00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 2-29-95 номеріне хабарласуына болады.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындалды

07/10/2016

Жаңақорған аудандық соты азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы М. үйдің ауласында, яғни қоғамдық орында темекі шегіп, шеккен темекісінің қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орындарын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық  жасағаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 21 210 теңге айыппұл салынды.

«Ашық есік күні» өткізілді

07/10/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шарадаға қала және облыс тұрғындары қатысты, олардың сұрақтарына судья К.Бержанов жауап берді, қатысушылардың бала асырап алу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, баламен кездесу тәртібін белгілеу, ата-аналық құқығынан айыруға қатысты сұрақтар қойды.

Қармақшы аудандық сотында брифинг өткізілді

07/10/2016

Қармақшы аудандық сотында аймақтық «Қармақшы таңы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық сот төрағасы Қ.Абдуллаев Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің  434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған Е-нің әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес,  азамат Е. Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылында осы ауыл тұрғыны Г-ға былапыт сөздер айтып, балағаттап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. 

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

07/10/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 14қазаны күні сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Қазалы аудандық сотында кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күніне» кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

07/10/2016

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2016 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 47 148 667 теңге, оның ішінде бересі – 38  256 908 теңге, өсімпұл – 8 897 132 теңгені құраған.