Архив событий

12/10/2016

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

12/10/2016

Талапкер «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «А» акционерлік қоғамынан 12 071 405 теңге және 362 200 теңге мемлекеттік баж өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Қоғамдық орында сыйламаушылық танытқан

12/10/2016

Қазалы аудандық  сотында  құқық  бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқық бұзушы А. Әйтеке би кенті, Жанқожа көшесінің бойында орналасқан автобекет ішіндегі адамдарға былапыт сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргені анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 21 210 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді

12/10/2016

Қызылорда  қалалық мамандандырылған  әкімшілік сотының  кеңсе  қызметкерлері  арасында  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  жанындағы Соттардың  қызметін  қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның  аумақтық  органдарының  аумағында  және  ғимараттарында  келушілер  үшін  өткізу  және  обьектішілік  режимдерді  қамтамасыз ету  жөніндегі қағида бойынша бойынша  семинар  сабағы  өткізілді.

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

12/10/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды төраға міндетін атқарушы Д.Алиев қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты

12/10/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Н. үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйінде көлік жүргізу барысында АІІБ қызметкерлерімен тоқтатылғаны анықталды.

Сот үкімімен азамат Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны көлік басқаруға байланысты қызметпен айналасу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып,120 (жүз жиырма) сағат қоғамдық жұмыстарға тартуға  жазасын тағайындады.

Сот масаң күйін куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін қамаққа алу жазасын тағайындады

12/10/2016

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына қарағанда, құқық бұзушы К. көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, автокөлігін басқарған және ішкі істер бөлімінің қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот талап-арызды қанағаттандырусыз қалдырды

12/10/2016

Қызылорда қалалық  сотында талап қоюшы анасы П-ның жауапкер баласынан алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер П. өз талабын қуаттап баласының үйленгеннен кейін өзгергенін, өзін қамтамасыз етпейтіндігін, жұбайының айтқанын істеп, дөрекі сөйлейтінін, азғана зейнетақасының жетпейтінін көрсетіп, баласынан алимент өндіруді сұрады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2016 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

12/10/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Шарада БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестірушісі судья Н.Еламанов қатысушыларға 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 2925 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 2511 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.