Архив событий

01/10/2016

Қызылорда облыстық сотының қызметкерлері сенбілік өткізді

01/10/2016

2016 жылдың 1 қазан күні Қызылорда облысы соттары жаппай сенбілікке шықты.

Сот қызметкерлері жыл сайын соттардың аумағын тазартып, көгалдандыру жұмыстарына қатысады, сонымен қатар қаланың көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Сенбілік жоғарғы деңгейде өтті. Сенбілікке шыққан сот қызметкерлері сот аумағының тазалануына белсене ат салысып, көшелермен қатар, арықтарды жапырақ пен қоқыстардан тазартып, қалдық заттарды шығарумен айналысты.

Дәл осындай сенбілік аудандық соттарда да өткізілді.