Архив событий

19/10/2016

Сот отырыстарында аудио-бейнежазба тіркеу жүйесін қолдану тақырыбында өткізілген семинар

19/10/2016

Арал аудандық сотында «Сот отырыстарында аудио-бейнежазба тіркеу жүйесін қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.  

 Шараның мақсаты – аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану тәртібін және сот ісін жүргізудегі оның сот талқылаулары барысын дәл тіркеу маңыздылығын талқылау болып табылады.

Семинар сабағына кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова және аудандық соттың бас маман-сот отырысының хатшылары қатысты.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

19/10/2016

Қазалы аудандық сотында азамат І-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат І. Байқоңыр қалалық сотының 08.11.2010 жылғы шешіміне сәйкес барлық табысының төрттен бір бөлігі мөлшерінде кәмелетке толмаған баласы үшін өндіріп алушы Н-ның пайдасына алимент төлеуші адам бола тұра, қарызын 2015-2016 жылдан бері төлемей, соттың актісін қасақана орындамай, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген құқық бұзушылықты  жасаған.

Сот қаулысымен азамат І., ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды

19/10/2016

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотында талап арыз бойынша қарыз сомасын және мемлекеттік  баж өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес жауапкер У. талапкерлерден  2.450 000 теңге қарыз ақша алған. Алайда, жауапкер У. алған қарыз ақшасын өзі көрсеткен уақытысында қайтармағаны анықталды.

Соттың шешімімен жауапкерден талапкерлердің пайдасына қарыз сомасы және мемлекеттік баж өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды.

Сот 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады

19/10/2016

Арал аудандық сотында сотталушы С-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. «Атырау-Алматы» бағытына қатынайтын жолаушылар поездының жолаушысы жәбірленуші Х-ның ұялы телефонын жасырын ұрлап кетіп, жәбірленушіге 130 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қорғау нұсқамасын бұзып, әкімшілік жауапқа тартылды

19/10/2016

Қазалы аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен азамат А-ға қатысты отыз тәулікке жекелеген шектеулер белгілеген, алайда, ол әйелі А-ға былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық танытып, тыйым салынған қорғау нұсқамасының талабын бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат А. ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қызылорда облыстық Әділет департаментінде «Зияткерлік меншік объектілеріне қатысты құқықтарды қорғау және сақтаудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті

19/10/2016

Қызылорда облыстық Әділет Департаментінің ұйымдастырылуымен  «Зияткерлік меншік объектілеріне қатысты құқықтарды қорғау және сақтаудың ерекшеліктері»  тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға құқық қорғау және уәкілетті органдар мен сот жүйесі өкілдерінің қатысумен өтті. Семинарға Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы  Н.Еламанов  қатысты.

Сот үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

19/10/2016

Қазалы аудандық сотында азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат С. көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарғаны анықталды.

Сот үкімімен азамат С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, бір жүз жиырма сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту  жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Облыстық сотта Қызылорда облысы бойынша кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен семинар сабағы өтті

19/10/2016

Қызылорда облыстық сотында «Оңалтудың және банкроттықтың, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа тетіктерін іске асыру кезіндегі проблемалық мәселелер» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Шараға Қызылорда облыстық, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарының судьялары және Қызылорда облысы бойынша кірістер департаментінің өкілдері қатысты.