Архив событий

08/10/2016

Облыстық сотта сот отырысы хаттамаларының түзілу мәселелері талқыланды

08/10/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Сот отырысының хаттамасының түзілу мәселесі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Жиынға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова, облыстық соттың кеңсе меңгерушісі Елтай Бөрібаев, облыстық соттың бөлім басшылары мен сот хатшылары, қалада орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілері мен аудандық және оған теңестірілген соттардың хатшылары қатысты.