Архив событий

11/10/2016

Алғыс хат келіп түсті

11/10/2016

«Батаменен ел көгереді» демекші, ел батасы мен оның алғысы әділқазының әділдігінің дәлелі іспеттес. Сондықтанда әділдікті ту еткен сот қауымы үшін елдің алғысына бөлену үлкен ғанибет. Жуырда Қызылорда облыстық сотының хат қоржынына тағы бір алғыс хат келіп түсті.

Бұл жолы Қызылорда қаласының тұрғыны, Өзбекстан Республикасының азаматы Ризаев Мадаминжан Муйдинович Қызылорда қалалық сотының төрағасы Бабатов Алмат Мешітбайұлы және қалалық сот судьясы Дербісалиева Жазыраш Қалмаханқызына жүрек жарды алғысын жолдаған.

Хабарландыру, жалпы конкурс

11/10/2016

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары: 8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail: 724-0200@sud.kz,  «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

 

Байқоңыр қалалық соты 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді

11/10/2016

Байқоңыр қалалық сотында сот төрағасы М.Тұрғанбаевтың және «Тәуекел туы» газетінің тілшісінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді.

Аталған іс-щара барысында төраға М.Тұрғанбаев тілшіге 2016 жылдың 9 айында сотта атқарылған жұмыс жөнінде айтты.

Семинар сабақ өткізілді

11/10/2016

Қызылорда облысының кәмелетке томағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға судья Қ.Бержанов, кеңсе менгерушісі М.Асанова және сот мамандары қатысты.

Жаңақорған аудандық соты 2016 жылдың 9 ай бойынша жұмысын қорытындыланды

11/10/2016

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің бас тілшісінің қатысуымен, ағымдағы жылдың тоғыз айында қаралған істер мен атқарылған шаралар жайлы баспасөз-конференция өткізді.

Шара барысында сот төрағасы Н.Қосанов ағымдағы жылдың тоғыз айында сотпен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот ісін уақытылы бастап, қысқа мерзімдерде қарау қатаң жолға қойылғаны туралы, мемлекеттік статистикалық есептерге тоқталды.

Арал аудандық сотында 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

11/10/2016

Арал аудандық сотында 10 қазан 2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сырдария аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

11/10/2016

Сырдария аудандық сотында «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы А.Абдулла, аудан прокурорының көмекшісі Н.Таңбаев,  қорғаушы Қ.Жаппасбаева, ішкі істер бөлімінің орынбасары С.Сыздық және «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі қатысты.

Сот құқық бұзушылық жасаған азаматқа әкімшлік қамақ тағайындады

11/10/2016

Қармақшы аудандық сотымен азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша құқық бұзушы Б.  алкогольдік масаң күйде азаматтық некедегі әйелі А-ға қарсы былапыт сөйлеп, балағаттап, қорлап тиісіп, оған сыйламаушылық іс-әрекеттерін жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

11/10/2016

Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық соты төрағасы А.Бабатов қабылдады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.