Архив событий

20/10/2016

Қызылордада сот жұмысшыларына жалақыны уақытылы төлемеген білім беру мекемесіне айыппұл салды

20/10/2016

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес заңды тұлға  мектепке дейін білім беру мекемесіне 17.06.2016 жылғы берілген ҚР еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама талаптарының орындалуына бақылау жүргізілген.

Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

20/10/2016

Сырдария аудандық сотында «Сот жүйесіне енгізілген соңғы жаңалықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық сотының судьялары, кәсіпқой емес медиаторлар К.Мұстафаев, Ұ.Жаналиева, аудан прокурорының орынбасары Т.Орақбаев, жергілікті полиция бөлімінің басшысы К.Сулейменов және БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңақорған аудандық сотында азаматтық іс партисипативтік тәртібімен қаралды

20/10/2016

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер С-мен арадағы некені бұзу және ортақ мүлікті бөлу туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында сот тарапынан талап қоюшы Н. мен жауапкер С. дауды  партисипативтік тәртібімен шешу жөніндегі құқықтары түсіндіріліп, осыған орай, талап қоюшы мен жауапкердің сенім хат негізінде әрекет етуші адвокаттары партисипативтік тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін, сондықтан осы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

20/10/2016

18 қазан 2016 жылы Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат А. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша азамат А. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Судьялар мен сот мамандары заңгерлер одағының облыстық филиалының конференциясына қатысты

20/10/2016

Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

20/10/2016

Арал аудандық сотында сотталушы Ш-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ш. «Шымкент-Самара» трассасында өзінің басқаруындағы автокөлігін алкоголь масаң күйінде басқарып, Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережесінің 2.42:9.4; 22.6.2 и 5.1, 5.3 тармақтарының талаптарын бұзып, автокөліктің басқару жүйесіне ие бола алмай қалған. Соның нәтижесінде автокөлік аударылып, жол көлік оқиғасы орын алып, автокөлікте болған төрт жолаушы оқиға орнында қайтыс болған.