Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында «Сот жүйесіне енгізілген соңғы жаңалықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық сотының судьялары, кәсіпқой емес медиаторлар К.Мұстафаев, Ұ.Жаналиева, аудан прокурорының орынбасары Т.Орақбаев, жергілікті полиция бөлімінің басшысы К.Сулейменов және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы А.Абдулла «Сот жүйесіне енгізілген соңғы жаңалықтар» тақырыбына дайындалған баяндама жасап, қазіргі таңда жаңадан қолданысқа енген Азаматтық процестік кодексінің артықшылығын, медиация интститутының маңыздылығы, тергеу судьяларының міндеттерін, бірыңғай ақпараттандырылған CALL орталығының жұмысы мен «Талдау» Форумы және «Сот кабинеті» секілді жаңа бағыттағы жүйелердің ұтымды жұмыс жасауға қол жеткізіп отырғандығын атап өтті. Жалпы бүгінгі өткізіп отырған іс-шараның басты мақсаты - бұл БАҚ бірлесіп жұмыс жасау, мемлекеттік емес ұйымдармен қарым қатынастарды жақсарту, сот жүйесіне қатысты ақпараттандыруға  қол жеткізуді жақсарту болып табылатындығын көрсетті.

Іс-шара соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

 

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі