Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен айыпталған А., және Ж.,  қылмыстық ісі қаралып, медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар дүкенге кіріп, 20 000 теңге ақша қаражатын және сөреде тұрған құны 76 260 теңгенің заттарын жасырын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Кәсіпқой емес медиатор «Медиация туралы» Заңның 27-бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, сотталушылар мен жәбірленушінің татуласуына, келтірілген залалды қалпына келтіруге қол жеткізіп «дауды реттеу туралы келісім» жасап сотқа ұсынған.

ҚР ҚпК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 12)тармағына сәйкес, қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты тоқтатылуға жататындықтан, сотталушылар Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сай, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі