Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы ҚПК-мен көзделген жекеше айыптау тәртібімен қаралатын қылмыстық істерді қозғау жөніндегі шағымдарды қабылдау және жолдау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрғасы мен судьялары, кеңсе қызметкерлері, аудандық прокуратуранының өкілі, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Аталған іс-шара бойынша аудандық соттың төрағасы Н.Қосанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жекеше айыптау тәртібімен қаралатын қылмыстық істерді қозғау жөніндегі шағымдарды қабылдау және жолдау тәртібі туралы атап өтті. Оның ішінде жекеше айыптау тәртібімен қаралатын қылмыстық істердің құрамының басқа қылмыстардан ерекшелігі мен ұқсастығы айқындалып өтті.

Семинарда талқыланған мәселелер бойынша басқа да сұрақтар қойылып, аудандық соттың судьялары оларға жан-жақты жауап беріп, өзара пікір бөлісті. 

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі