Есірткіге қатысты қылмыстық теріс қылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты қылмыстық теріс қылығы бойынша іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында  «Алматы-Атырау» бағытына қатынайтын поезының жолаушысы Н-дан ішінде жалпы көлемі – 9,83 грамм болатын есірткілік зат «гашиш» салынған үш дана сиымдылығы 0,5 литр болатын, пластикалық шөлмектері бар пакет табылып, алынған. Яғни, ол ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған және тасымалдаған.

Сот үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі