Қызылорда қалалық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот жұмысын ұйымдастыруға байланысты қабылданған өкімге сәйкес, Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов азаматтарды қабылдау өткізді.

Сот төрағасының қабылдауы азаматтардың арыз-шағымдарын және басқа да өтінімдерін тыңдау, оларды шешу үшін жедел шара қолдану мақсатында, Қызылорда қалалық сотымен жетісіне екі рет, басқа елді мекендерден келген азаматтар үшін күнделікті жұмыс уақытысында өткізіледі.

Қабылдауға келген қала тұрғыны иелігіндегі жер телімін ретке келтіріп, жеке кәсіппен айналысу үшін ғимараттар салдырғанын, осы күні жер телімінің басқа тағы бір кісіге тиесілі болып шыққандығын, ол кісі сотқа талап арыз келтіргендігін, азаматтық іс бойынша қандай шешім қабылданатынын  сұрады.

Сот төрағасы сұраушыға заң талаптарына сәйкес, судья өндірісіне қабылдаған жағдайда азаматтық іс қаралатындығын, іс қарау барысында судья дәлелдемелерді толық зерттеп, заң нормаларын басшылыққа ала отырып шешім қабылдайтындығын, шешіммен келіспеген жағдайда апелляциялық шағым беру жолдарын жан-жақты түсіндіріп берді.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі