Заңсыз қаруды алып жүргені үшін әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ш. Арал ауданы, Жетес би елді мекенінде, ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз алып жүрген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26 694 теңге айыппұл салынып, заттай дәлелдеме ретінде алынған аңшы мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі