«Сот кабинеті» онлайн қызметі жетілдірілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің  ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасын іске қосты, бұл сервистің сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Осы күні «Сот кабинеті» сервисіне сұраныстың артқан, оны пайдаланушылар саны көбейген, оны  пайдаланушылар арасында жүргізілген сұратудың қорытындыларынан көруге болатынды.

Сервис уақыт өткен сайын жетілдірілуде. Бүгінгі күні Жоғарғы Сот азаматтарға ыңғайлы болуы үшін сот бұйрығын шығаруға арналған арызды жіберуге сервисті бөлек шығарды, сондай-ақ:

- жеңілдетілген тәртіппен шығарылған шешімнің күшін жою туралы арыз;

- мемлекеттік бажды  қайтаруға арыз;

- жеке айыптауға шағым;

- үкімді орындауға енгізгенге дейін сотталған адаммен кездесуге рұқсат беруге арыз жіберу үшін азаматтық және қылмыстық істер бойынша жаңа сервистерді іске қосты.

Осы арыздар мен шағымды жіберу үшін пайдаланушы өтініштің ұсынылған нысанын толтырып, қоса берілетін құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеуі және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып, тиісті сот органына жіберуі қажет. Бұл азаматтардың уақытын және қаржы шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта өтініштің және істің қаралу барысын қарап шығуға болады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, сот ісін жүргізу процесін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша ізденісті жалғастыруда.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі