Кәмелетке толмаған сотталушы қылмыстық жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Істің мән-жайына сәйкес, кәмелетке толмаған сотталушы К.  жәбірленуші Д-ны ұрып, оған «жеңіл дәрежедегі» дене жарақатын келтірген.

Сол сәтте жәбірленуші Д. қаша жөнелген, алайда сотталушы К. оны қуып барып, басынан аяғымен екі рет теуіп, жәбірленушінің өміріне қауіпті қасақана «ауыр» дене жарақатын салып, оқиға болған жерден ізін жасырған.

Сот үкімімен, кәмелетке толмаған сотталушы К-ны ҚР-ның ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындалды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі