Сот ата-анасының құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы әкесі К-нің жауапкер баласы К-ге үйді сыйға тарту келісім шартының күшін жою туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс қарау барысында ата-анасы келісе отырып, баласының ата-анасымен қартайғанша бірге тұратыны, жастары келгенде оларға қарайтыны, қаматамсыз ететіні және мүгедек қарындасының жағдайын жасайтыны туралы уәдесі негізінде қара шаңырақ болып табылатын үйді сыйға тарту келісім шарты негізінде кіші баласының атына аударады.

Алайда, соңғы жылдары, үйленгеннен кейін баласының мінез-құлқы өзгеріп, ата-анасы мен мүгедек қарындасын үйді сататынын айтып қуа бастаған. Соның салдарынан талапкер әкесі инсульт алып мүгедек болып қалған. Ауру қыз баласымен далада қалып қоярмыз деп қорыққан ата-анасы сотқа беруге ұйғарады.

ҚР АК-нің 512-бабына сәйкес, егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы.

ҚР Азаматтық Кодексінің 8-бабының талаптарына сай, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектiлерiнiң құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге тиiс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс екендігін анықтаған.

Куәлардың көрсетулері мен іс құжаттарын толық зерттей отырып,  сот бұл талапкердің әкесінен мұраға қалған үйі екендігін, яғни мүліктік емес құндылық болып табылатындығын, осы үйге қатысты шығындарын толық атқарып отырғандығын, жауапкер тарапынан талапкердің отбасы мүшелеріне қатысты дене жарақатын салғандығын және т.б мән-жайларды анықтай келе талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі