Сақтандыру компанияларына пилоттық жоба бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе  меңгерушісі А.Аблаева және Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету бөлімінің  басшысы Ш.Аманкулов «НСК» және «Трансойл» сақтандыру компанияларына барып, жол-көлік апаты салдарына  байланысты  сақтандыру төлемдерін төлеу үшін қаулыларды сақтандыру  компанияларына  электронды  түрде  жолдау бойынша пилоттық  жобасы  бойынша  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізді.

Жол-көлік апаты орын алған әкімшілік  істер бойынша  сот қаулылары  заңды  күшіне  енген соң  судьяның электронды-цифрлық  қолтаңбасымен  куәландырылғаннын кейін  қаулы  сақтандыру  компанияларына  автоматты  түрде   жолданады.

Аталған жаңашылдықтың азаматтарға тиімділігін, қосымша  жүктемесін  қысқартатындығын іске қатысушылардың уақыттарын  үнемдеуге  мүмкіндік  тудыратындығын атап көрсетті.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі