«Медиация туралы» Заңы тақырыбындағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы ауданының  сотында   «Медиация туралы» Заңы тақырыбында семинар өткізілді. 

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев пен судьясы Л.Алибекова, прокуратура, кәсіби емес медиатор мен ішкі істер органдарынын өкілдері қатысты.

Кездесу барысында медиация арқылы бітімгершілікке келу мақсатында адвокаттар мен кәсіби емес медиаторлардың өзара іс-қимылы, сонымен қатар азаматтық іске қатысушылардың дау мен жанжалды соттан тыс реттеуге мүдделігін анықтау туралы мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындылай келе, сот төрағасы қатысушылардың барлық сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі