Архив событий

06/06/2016

Қызылорда облысы судьялары Батыс аймақтық судьялар спартакиадасында жеңіс тұғырынан көрінді

06/06/2016

Атырау қаласындағы «Мұнайшы» орталық стадионында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы VIII спартакиадасының Батыс аймақтық спартакиадасы өтті.

Тартысты додаға Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысы соттарының судьялары қатысты.

Әділдіктің жаршысы судьялардан құралған командалар мини-футбол, волейбол, үлкен теннис, бильярд, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан бақ сынасты.

Шаршы алаңда әділ билердің спорттық ойындарының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасы кіші футбол, волейболдан 1 орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

«Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

06/06/2016

Қазалы аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбы бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семннар жұмысын кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Ж.Бержан  ашып, бүгінгі оқып-үйрену сабағының әрбір сот қызметкері үшін маңыздылығын атап өтіп, тақырып бойынша баяндама жасады.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

06/06/2016

Қызылорда  облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 17 маусымында, сағат 16:00 ден 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен  кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Қызылорда қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

06/06/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекованың, судьялардың және қала төңірегінде орналасқан банктер өкілдерінің және Қызылорда қоғамдық телеарнасы тілішілерінің қатысуымен «Банктік несие шарттары негізінде қарыз сомаларын өндіру туралы істердің қаралуы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова сот өндірісіндегі банктік несие беру шарттарының орындалмауы негізінде азаматтардан қарыз сомаларын өндіру туралы азаматтық істердің қаралу барысына  тоқталды.

Бұзақылық құқық бұзушылық тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылды

06/06/2016

Шиелі   аудандық  сотымен  Қазақстан  Республикасының  ҚК-нің   293-бабының  2-бөлігінің  1-тармағымен   бұзақылық  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасаған   Б.Р,  Б.Н   және  Н.Н-ға  қатысты  қылмыстық  ісі  медиация  тәртібімен  қысқартылды.

Жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған

06/06/2016

Құқық бұзушы С. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Ленин көшесі бойында орналасқан азамат Ж-ның  үй жағына барып, оған былапыт сөйлеп, айналысындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын іс әрекетті жасаған.

Құқық бұзушы С. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10  айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 21210 теңге  айыппұл салынды. 

Қылмыстық теріс қылығы үшін айыппұлға жазаланды

06/06/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотталушы А. 09.03.2016 жылы Арал аудандық сотының қаулысымен   Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылған. Алайда, ол, осыған қарамай, 4 мамыр 2016 жылы «Лада-21074» маркалы автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарып келе жатып, жол-полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот ғимаратына өткізу және объктілік режимді қамтамасыз ету

06/06/2016

6 маусым 2016 жылы Сырдария аудандық сотында «Сот ғимратына өткізу және объктілік режимді қамтамассыз ету - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында бойынша семинар өтті.

Іс-шараға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев, аудан прокурорының көмекшісі  Н.Танбаев,  аудандық МКҚБ-ның полиция қызметкері Б.Әлдібайұлы және сот қызметкерлері қатысты.

Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін жаза тағайындалды

06/06/2016

Қазалы аудандық сотында қылмыстық теріс қылық нысанындағы сотталушы А-ға қатысты  қылмыстық құқық бұзушылық ісі қаралды.

Сотталушы  А. 03-мамыр 2016 жылы сағат 16:10-дар шамасында Әйтеке би кенті, «Тұлпар» стадионының жанында үстіне киген шалбарының оң жақ  қалтасында ақ түсті қағаз қиындысына оралған салмағы 2,59 грамм есірткі заты, кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде қаралған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Түнгі 23-тен кейін алкогольдік өнім сатқан

06/06/2016

Құқық бұзушы Н. Қызылорда қаласы, Бұқарбай батыр көшесінің бойында орналасқан  дүкенінде сатушы болып тұрып, түнгі сағат 23:00 – тен кейін азамат С-ға  алкогольдік өнімін сатып  ҚР  ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігінде   әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған.

Құқық бұзушы Н. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  21210 теңге  айыппұл салынды. 

 

Көлікті жолдың қарсы бағытына шығып басқарған

06/06/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлігімен азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. 10 мамыр 2016 жылы Арал қаласы, Т.Есетов көшесі бойында өзінің басқаруындағы «УАЗ-390945-330» маркалы автокөлігімен, жол жүрісі қағидаларымен тыйым салынған жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан.

Істі қысқартылған тәртіппен жүргізу

06/06/2016

3 маусым 2016 жылы Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, судьялар және кеңсе қызметкерлерінің қатысуларымен «Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу» тақырыбына семинар сабақ өткізді.

Сот төрағасы өз баяндамасында «Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу сот төрелігін  тиімділігінің арттыруға мүмкіндік береді, өйткені құқық бұзушылық жасалған уақыт пен кінәлі  тұлғаға қатысты сот қаулысы шығу арасындағы уақытты барынша қысқартады, ауыр емес және ауырлығы орташа, ауыр қылмыс істері бойынша жүргізіледі.

Бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс қанағаттандырылды

06/06/2016

Қазалы аудандық сотында Қазалы аудандық пробация қызметімен,  сотталған Ж-ға қатысты  бас бостандығын шектеу жаза түрінің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы бойынша іс қаралды.

Сот еңбек кітапшасының тиістілігі және еңбек өтілінің заңды фактісін анықтады

06/06/2016

Қармақшы аудандық соты Ақжар ауылы тұрғынының арызы бойынша оның  еңбек кітапшасын өзіне тиістілігі бойынша  заңды фактісін анықтау туралы азаматтық ісін қарады.

Арызданушы еңбек кітапшасындағы оның аты-жөні туралы мәліметтерінде қателері бар екендігіне және де қазіргі уақытта жұмыс істеген кәсіпорынның жоқтығына байланысты сотқа жүгінген. Осыған байланысты, өзінің жұмыс өтілін растай алмай отыр.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

06/06/2016

Қазалы аудандық сотында 02 маусым 2016 жылы аймақтық «Тұран-Қазалы» газетінің тілшісі Т.Аязбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы Д.Абдыкалыков ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ж-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.