Архив событий

01/06/2016

Әуежай арқылы заңсыз есірткі тасымалдамақшы болған

01/06/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған сотталушы А-ға сот үкімі шықты.

Іс материалдарына сәйкес, Қызылорда ст.ІІЖб-нің полиция қызметкерлерімен 20.04.2016 жылы  Қызылорда қаласындағы «Қорқыт-Ата» әуежайының қарау жүргізу барысында, Қызылорда қаласынан Астана қаласына бағыт алған жолаушылар қатарында  А-ға тексеру жүргізу кезінде, оның күртешесінің төс қалтасынан,  полиэтиелен пакетіне оралған, салмағы 19,02 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты алынған.

Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

01/06/2016

Арал аудандық сотында 31 мамыр 2016 жылы қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті, Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы жүргізді.

Шара барысында судья Д.Мұратбекұлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 4 бөлігімен қаралған И-дың қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

«Істі сот талқылауына дайындау» тақырыбындағы семинар сабағы

01/06/2016

31 мамыр 2016 жылы Сырдария аудандық сотында «Істі сот талқылауына дайындау» тақырыбында судьялар мен кеңсе мамандарының қатысуларымен семинар сабақ өткізілді.

Сот төрағасы А.Абдулла қатысушыларға, судья арызды соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді,  істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді.

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

01/06/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатовтың және сот судьяларының, қызметкерлердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саІІ-орталығына түсіп жатқан қоңыраулар туралы хабарламаларды жан-жақты талқылау өтті. Талқылаудың мақсаты азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстар мен шағымдардың басты себептеріне тоқталып, көрсетілген кемшіліктерді қайталамау.

Неке медиация тәртібімен сақталды

01/06/2016

Байқоңыр қалалық сотында талапкер А. мен жауапкер Б-ның неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер А. өз талап арызында, жауапкермен заңды некеде тұрғанын, некеден ортақ кәмелеттік жасқа толмаған балаларының барын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып, көрсеткен.

Тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, соттан азаматтық  істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

01/06/2016

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «А» жауапкершілігі серіктестігін банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

«А» ЖШС-нің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 16.03.2016 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 11 500 274 теңге, оның ішінде бересі – 5 827 660 теңге, өсімпұл – 5 655 646 теңгені құраған.

Жаңақорған ауданында медиация кабинеті ашылды

01/06/2016

27 мамыр 2016 жылы Жаңақорған ауданының кент әкімдігінің ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Ашылу рәсіміне Жаңақорған ауданының әкімі Р.Р.Рустемов, Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов, «Нур Отан» ХДП Жаңақорған ауданы бойынша филиалының төраға орынбасары М.Б.Балхожаев, кәсіпқой емес медиаторлар, басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.

Көші-қон заңнамасын бұзған

01/06/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен құқық бұзушылық жасаған Өзбекстан Республикасының азаматы М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деп, сенімге кіріп, алаяқтық жасаған

01/06/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет алдап, алаяқтық қылмысын жасаған сотталушы азаматша  Ж – ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, сотталушы Ж. жәбірленуші П – ның үйіне келіп,оның қызының жас маман ретінде тұрғын үй кезегінде тұрғанын біліп, сенімін теріс пайдалану жолымен, қызының тұрғын үйге кезегін жылжытып беремін деп  200  000 теңге ақшасын алдап алған.

Аудандық сотта семинар сабағы өткізілді

01/06/2016

30 мамыр 2016 жылы Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V «Пошта туралы» Заңын талұылау мақсатында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға сот төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов және сот қызметкерлері  қатысты.

Ойын бизнесін ұйымдастырушы заң алдында жауап берді

01/06/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында ойын мекемесін заңсыз ашып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырған сотталушы М – ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, сотталушы М. 2016 жылдың ақпан айының басынан бастап, жалға алған пәтерде ойын мекемесін заңсыз ашып, интернет желісінен әр түрлі ойын енгізіп, табыс табуды көздеп, ойын құралдарын іске қосып жұмыс істеген.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған

01/06/2016

Жалағаш аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Cырдария аудандық сотында мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен төлеуден босату негіздеріне қатысты мәселелер талқыланды

01/06/2016

Сырдария аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен семинарлық сабақ өткізілді.

Іс шара барысында «Сот шығындары, оның ішінде мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері және оны төлеуден босату негіздері» тақырыбы бойынша бас маман Б.Бисенбай баяндама жасады.