Архив событий

15/06/2016

Мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (С-О-5, C-R-4 санаттары) әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

15/06/2016

2016 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

1.Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымына (санаты С-О-5 ):

Байқоңыр қалалық сотында «Сот актілерін орындаудағы проблемалық сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

15/06/2016

14 маусым 2016 жылы Байқоңыр қалалық сотында сот төрағасы М.А.Тұрғанбаевтың төрағалық етуімен, кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушысы А.Токешеваның және қалалық соттың жетекші маманы Е.Сулейменовтың, Байқоңыр қаласы прокуроры орынбасары Е.Алмазұлының, Байқоңыр қаласы Әділет Департаментінің бас маманы А.Алмағанбетовтың, Қызылорда аумақтық бөлімінің Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік сот орындаушысы Ж.Баекееваның, Қызылорда облысының  аймақтық жеке сот орындаушылар палатасының Байқоңыр қаласындағы жеке сот орындаушысы Р.Балымбетовтың қатысуларымен «Сот актілерін орындаудағы пр

Байқоңыр қалалық сотында «Терроризмге қарсы ғимараттардың қорғалуы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

15/06/2016

Байқоңыр қалалық сотында терроризмнің, лаңкестіктің алдын алу, жолын кесу, болдырмау, сотқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Терроризмге қарсы ғимараттардың қорғалуы» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Байқоңыр қаласының прокуроры С.Қосқан, Байқоңыр қаласындағы МКҚБ-ның командирі Н.Ізтлеуов және МКҚБ қызметкерлері қатысты.

Сот актісін орындаудан жалтарғаны үшін жауапқа тартылды

15/06/2016

14.06.2016 жылы Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)  әкімшілік іс қаралды.        

Сотта 2014 жылғы сот шешімімен құқық бұзушы С-дан алимент өндірілгені анықталған. Алайда, борышкер сот актісін өз еркімен орындаудан жалтарып, 3 жылдың алимент қарызын өтемеген.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы алимент қарызы бар екенін растап, аталған қарызын материалдық қиыншылықтарға байланысты бөліп өтейтінін көрсеткен.

Қазалы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

15/06/2016

Қазалы аудандық сотында 14 маусым 2016 жылы жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3 тармақтарымен айыпталған сотталушылар А және Ж-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін анасына айыппұл салынды

15/06/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен азаматша М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматша М.,  кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және  оқыту жөніндегі міндеттерін орындамай, соның салдарынан балалары  дәлелді себепсіз сабаққа бармай ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот азаматша М-ны ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 10393 теңге әкімшілік айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Іс өндірістен қысқартылды

15/06/2016

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚбҚ-нің 73 бабы 1 бөлімімен Қармақшы аудандық ІІБ-нен келіп түскен азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы өз үйінде айқай шу шығарып, өзінің жұбайын балағаттап сөйлеген.

Жұбайының арызының негізінде Қармақшы аудандық ІІБ-ның полиция учаскелік инспекторы  ҚР ӘҚБтК-ң 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Сот мәжілісінде К. өзінің кінәсін толық мойындады.

Қазалы аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өткізілді

15/06/2016

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Қазалы» газетінің тілшісі А.Қазмағамбетованың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы Қ.Т.Мыханов ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азаматша Г-ге қатысты ақпарат берді.

Азаматша Г., 01 сәуір 2016 жылы сағат 00.30 шамасында Әйтеке би кенті, М.Шоқай көшесінде орналасқан дүкен есігін алкогольді масаң күйде теуіп сындырып, Н-ны балағаттап,  ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Кездесуге келіп, жасырын түрде ұялы телефон бермекші болған

15/06/2016

Құқық бұзушы Б. ЗК-169/5 мекемесінде ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен тергеу қамауындағы Ж-пен заңды өкіл ретінде кездесуге келген кезінде 1 дана «Nokia» маркалы ұялы телефонын  оған жасырын бермекші болған.

Құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.

Байқоңыр қалалық сотында дау партисипативтік рәсім арқылы шешілді

15/06/2016

Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Б-ның жауапкер Т-ға 106 620 теңге қарызын және 1062 мемлекеттік бажды өндірту жөнінде азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Б. талап  арызында жауапкер Т. 24.12.2013 жылы 5-6 ай мерзімге 21 000 ресей рубль көлемінде қарыз алып, осы уақытқа дейін қайтармағанын, жауапкер Т-дан 106 620 теңге қарызын және 1062 теңге мемлекеттік бажды өндіртуді сұраған.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/06/2016

Шиелі аудандық  сотында талап  қоюшы Б. мен  жауапкер Т-ның  арасындағы  некені бұзу  жайлы   азаматтық  іс  қаралды.

Азаматтық іс құжаттарынан, ерлі-зайыптылар мінездері сәйкес келмегендіктен бөлек   тұратындарын, ортақ  некеден   бір қыз бар  екенін көрсеткен.

Әзірлік  барысында   дауды медиация тәртібімен реттеу келісімді жасасу туралы өтініш  келіп түскен. Тараптар  өзара  татуласып  және  медиативтік  келісім  бекітілді.

Бұрынғы әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде автокөлігін алкогольдік мас күйінде басқарған

15/06/2016

Құқық бұзушы азаматша К. алкогольдік мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 13.05.2014 жылы сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-ң 467-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде, яғни 04.06.2016 жылы өзінің басқаруындағы «Opel Vectra» маркалы автокөлігін алкогольдік мас күйінде басқарған.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 4-бөлігінің санкциясында он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға – деп көрсетілген.

Жеңгесінің мазасын алып, жауапқа тартылды

15/06/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы К., 23 мамыр 2016 жылы сағат 23.00 шамасында отбасы-тұрмыстық қатынастардағы жанұя шырқын бұзып, өзінің жеңгесі Қ-ның үйіне барып, айқай-шу шығарып, сыйламаушылық көрсетіп, мазасын алып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылық әрекетін жасаған.

Сот актісін орындамағаны үшін, әкімшілік қамаққа алынды

15/06/2016

Қызылорда қаласының №2 сотының 2015 жылдың 14 қазандағы үкімімен құқық бұзушы З-ке  50  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 99100  теңге айыппұл салынған. Атқару парағының орындалмауына байланысты, Қызылорда қаласының әкімшілік айыппұл өндіру бойынша аумақтық бөлімі филиалының мемлекеттік сот орындаушысымен оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушы З. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, 1 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.