Архив событий

10/06/2016

Брифинг өткізілді

10/06/2016

Арал аудандық сотында 7 маусым 2016 жылы қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті, Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 4 бөлігімен қаралған А-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Қазалы аудандық сотында семинар өткізілді

10/06/2016

Қазалы аудандық сотында 09 маусым 2016 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша аудандық сот қызметкерлерінің қатысуымен  семинар сабағы өткізілді.

Шараны аудандық соттың кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Қазыбеков ашты. Семинар тақырыбы бойынша аудандық соттың аға сот жасауылы А.Мусаев баяндама жасады.

«Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен» реттеу тақырбында дөңгелек үстел өткізілді

10/06/2016

2016 жылдың 9 маусымында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары арасында «Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен» реттеу тақырбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Дауренбеков және осы соттың судьялары қатысты.

Сот судьялары өз кәсіби деңгейлерін дәлелдеді

10/06/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары құрамындағы Сот жюриінің біліктілік комиссиясы ұйымдастырған Қызылорда қаласы №2 сотының судьялары қызмет атқарып жатқан судьялардың лауазымдарына сәйкестігін бағалаудан өтті.

Судья сұхбат берді

10/06/2016

Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісіне «Жаңа редакциядағы ҚР азаматтық процестік кодексіндегі сот медиациясының ерекшеліктері» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат беру барысында судья Ж.Жолдасов 2015 жылдың 31 қазанда Мемлекет басшысы жариялы түрде қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексінің маңыздылығына және жаңашылдықтарына тоқталып кетті.

Үлкен теннистен 1 орынды иеленді

10/06/2016

Атырау қаласындағы «Мұнайшы» орталық стадионында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы VIII спартакиадасының Батыс аймақтық спартакиадасы өтті.

Аталған спартакиадаға  Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысы соттарының судьялары қатысып, күш сынасты. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбу Айбек Кеңесұлы үлкен теннис ойынына қатысып, бірінші орынды иеленді.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен тәртіптік жауапкершілігі

10/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен тәртіптік жауапкершілігі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс – шараға соттың кеңсе меңгерушісі және кеңсе мамандары қатысты.

Семинарды кеңсе меңгерушісі М.Асанова ашып, баяндамашыларға сөз кезегін берді.

Рөлде алкогольдік масаң күйде болған

10/06/2016

8 маусым 2016 жылы Сырдария аудандық сотында азамат О-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен қозғалған әкімшілік іс қаралды.                                                                             

Іс материалдарына сай, құқық бұзушы О. өзінің «ВАЗ-2106» маркалы автокөлігін Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы Есентуров көшесінің бойымен алкогольдік  масаң  күйде басқарған.                                                                 

Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті

10/06/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Шараға Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сондай-ақ, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандық соттарының судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.                           

Іс-шараны аша отырып, Қызылорда облыстық сотының судьясы К.Қаниева семинардың маңыздылығын айтып, өзара тәжірибе алмасуға септігін тигізетін атап өтті.

Кәмелетке толмаған баланы букмекерлік ойын-сауық орталығына кіргізгені үшін айыппұл салынды

10/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінен С-қа  қатысты әкімшілік іс түсіп, қаралды.

Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініш қанағаттандырылды

10/06/2016

Арал аудандық сотында азамат Т-ның жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Т. Арал аудандық сотының 24.06.2015 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған.