Архив событий

13/06/2016

Байқоңыр қалалық сотында «Медиация – бітімгершілік институты» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді

13/06/2016

Байқоңыр қалалық сотында «Медиация – бітімгершілік институты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы М.Тұрғанбаев, Төретам, Ақай әкімшіліктерінің заңгерлері және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Төраға өз баяндамасында, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатынын, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетінін атап өтті. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді. Татуласу келісімін сот бекітеді.

«Ашық есік күні» шарасы өткізілді

13/06/2016

Үстіміздегі жылдың 10 маусым күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

13/06/2016

Шиелі аудандық сотымен талап қоюшы Б-ның жауапкер А-дан 700 000 теңге қарыз ақша  өндіріп  алу  туралы  азаматтық  іс қаралды.

Әзірлік  барысында дауды медиация тәртібімен реттеу келісімді жасасу туралы өтініш  келіп түскен.

Талап қоюшы Б. мен жауапкер А. дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер А. талапкерге  әр айдың  2016 жылдың 29 маусымынан бастап 29 тамызына  дейін  ай сайын 150 000 теңге қарызың  төлейді.

Әйелін балағаттағаны үшін әкімшілік қамаққа алынып, ерекше талаптар белгіленді

13/06/2016

Құқық бұзушы Ф. Қызылорда қаласы, Жаңқожа батыр көшесіндегі үйіне  келіп  әйелі К-ға  қарсы балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдірген.

Құқық бұзушы Ф. ҚР ӘҚБтК-нің  73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып  1  тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Құқық бұзушы Ф. қойылатын ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде профилактикалық әңгімелесу өткізу үшін оған айына екі рет Қызылорда ҚІІБ- не келу міндетін жүктеп ерекше талаптар белгіленді.

Балық аулау қағидасын бұзған

13/06/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен азамат Ж. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. 6 мамыр 2016 жылы Кіші Арал теңізінің 10 учаскесінде ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Балық аулау қағидасының» 2 бабының 7 тармағының талабын бұзып, тиым салынған мерзімде балық аулап, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзған

13/06/2016

Құқық бұзушы К. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде  орналасқан 5-шыны «Большая Кружка» сырасын аз.Ж-ға сатып, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзып, сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiнгі аралықта тұтынушыға алкоголь өнімін өткізгені үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Судьялар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы БАҚ-на сұхбат берді

13/06/2016

2016 жылдың 09 маусымында Судьялар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А.Дауренбеков «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасына «Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының VII съезді» тақырыбында сұхбат берді.

Қызылорда қалалық сотында семинар сабағы өтті

13/06/2016

Қызылорда қалалық сотының судьялары арасында  «Медиация туралы» Заң - азаматтық істерді қарауда бітімгершілік рәсімін қолданудың негізі» тақырыбында семинар өтті.

«Медиация туралы» Заң  еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың тараптардың бітімгершілігімен шешуге мүмкіндік беретіндігі жайлы айтылды.

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы арыздарды және әкімшілік істерді жолдау

13/06/2016

Сырдария аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы арыздарды және әкімшілік істерді жолдау туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық мекемелердің, ішкі істер бөлімінің және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық сотта сот ғимаратына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар талқыланды

13/06/2016

2016 жылдың 9 маусым күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы №6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №489 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, ҚР жергілікті соттарының, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамт

Тыйым салынған мерзімде балық аулау қағидаларын бұзған әкімшілік іс бойынша брифинг өткізілді

13/06/2016

Қазалы аудандық сотында 9 маусым 2016 жылы аудандық «Қазалы» газетінің тілшісі А.Қазмағамбетованың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы Қ.Т.Мыханов ҚР ӘҚБтК-нің 383- бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат Н-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзған

13/06/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 480 бабының 1 бөлігімен азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы И. 31.03.2016 жылғы Арал аудандық сотының қаулысымен белгіленген шектеулерді орындамай, әкімшілік қадағалау заңнамасын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ, сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Бір күнде отбасы тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзған

13/06/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен, 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылықтар жасаған азамат Б-ға қатысты әкімшілік істер қаралды.

Құқық бұзушы Б., 28 мамыр 2016 жылы сағат 22.43 шамасында өз үйінде анасы А-ға былапыт сөздер айтып, айқай-шу шығарып, осыдан кейін Әйтеке би кенті, Төле би көшесінің бойында қоғамдық орында былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде, 434-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықтарды жасаған.

Сот актісін орындамаған

13/06/2016

Қармақшы аудандық сотында сот актісін орындамағаны үшін жауапқа тартылған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Соттың 2016 жылғы 24 қаңтардағы қаулысына сәйкес Д-ға бірқатар міндеттемелер жүктелген. Нақтырақ айтқанда,  Д., ішкі істер органдары белгіленген уақытта, яғни кешкі сағат 22.00 -ден таңғы сағат 06.00-ге дейінгі уақыт аралығында тұрғылықты мекен-жайынан кетпеуге міндеттелген болатын, алайда, Д., аталған сот актісін орындамаған.

Қазалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

13/06/2016

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды  құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Қазалы аудандық сотында 15 маусым 2016 жылы сағат 11.00-де Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Өсерханұлы Қарабаевтың қатысуымен «Ашық  есік  күні»  өткізіледі.

25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды

13/06/2016

Қармақшы аудандық сотымен сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А., аудандық соттың қаулысына сәйкес көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, өзіне тиесілі «BАЗ 21063» автокөлігін алкогольдік масаң  күйде басқарып жүрген кезде полиция қызметкерлерімен ұсталған.