Архив событий

08/06/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында семинар сабағы өткізілді

08/06/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ғимаратында

7 маусым 2016 жылы Қызылорда аудандық және оған теңестірілген соттардың  судьяларының, БАҚ өкілдерінің және Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларының қатысуларымен семинар сабағы өтті.

Ішкі Істер басқармасының өкілдерінің қатысуымен «100-нақты қадам –Ұлт жоспары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

08/06/2016

Қызылорда қаласының № 2 сотында «100 нақты қадам Ұлт жоспарындағы» заңның үстемдігін қамтамасыз ету деген тарауын талқылау мақсатында: «Ұлт жоспары – еліміздің мүдесі үшін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.   

Дөңгелек үстелге сот төрағасы, судьялар және Қызылорда ҚІІБ-ның басшысының орынбасары полиция полковнигі С.Абдіғапбаров және аталған басқарманың тергеушілері қатысты.

Брифинг өткізілді

08/06/2016

Арал аудандық сотында 7 маусым 2016 жылы қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті, Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 4 бөлігімен қаралған А-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Қалалық сотта семинар өтті

08/06/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс жоспарына сәйкес, «Сот шешімін орындауға жолдау» тақырыбында оқып үйрену сабағы  өтті.

Бас маман сот отырысының хатшысы Т.Ахметов сот шешімін орындауға жолдаудың мерзімдері мен тәртібіне тоқталды, сондай-ақ, атқару парақтарын «Төрелік» жүйесі арқылы рәсімдеу, сот орындаушыларына жолдау және судья мен сот отырысы хатшысының электрондық қолтаңбасын қою тәртібі, қажеттілігіне қарай атқару парақтарының телнұсқасын рәсімдеп беру тәртібі жайлы айтты.

«Тергеу судьясының уәкілеттігі» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

08/06/2016

Жалағаш аудандық сотында «Тергеу судьясының уәкілеттігі»  тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Жалағаш аудандық сотының тергеу судья Т.Темірбаев, аудандық  прокурорының көмекшісі Ж.Еркіновтың, Жалағаш аудандық заң консультациясының адвокаты, Жалағаш аудандық ІІБ-нің өкілдері, БАҚ өкілі  қатысты.

Тергеу судьясы Т.Темірбаев өзінің баяндамасында атқарған жұмыстар мен статистикалық деректерге тоқталып, жиналғандарға тергеу судьясының уәкілетілігін түсіндірді.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

08/06/2016

2016 жылдың маусым айының 10 жұлдызында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды. 

«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/06/2016

Шиелі аудандық сотында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға аудан прокурорының көмекшісі М.Сейтжапар, қорғаушы М.Тұрсанова, Қ.Жусупов, аудандық ішкі істер  бөлімінің  қызметкерлері   және   сот  кеңсе  мамандары   қатысты.

Іс-шара барысында аудандық соты судьясы А.Тубекбаева баяндамасында мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен рөлі туралы, мемлекеттік тілді іске асыру және дамыту туралы  табысты түрде іске асырылып  отырғанын  айтып  өтті.

«Медиация мақсаты - бітімгершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/06/2016

2016 жылдың 7 маусымында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өкілдігі бірігіп «Медиация мақсаты - бітімгершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге «Қазақтелеком» АҚ-ның, «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС-нің, «Облыстық медициналық орталығы» ШЖҚ МКК-ның, «Қызылорда су жүйесі» ШЖҚ МКК-ның, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның заңгерлері және кәсіби медиатор қатысты.

Қызылорда қалалық сотының судьясы С.Жаппасбаев телевидениеге сұхбат берді

08/06/2016

Қызылорда қалалық сотының судьясы С.Жаппасбаев Қызылорда қоғамдық телеарнасының журналисттеріне соттағы қаралып жатқан жер құқық қатынастарына байланысты істер бойынша сұхбат берді.

Судья С.Жаппасбаев осы күні сотқа жер учаскелерін мемлекет пайдасына алу туралы жерді пайдалану мен қорғау жұмыстарынан атқарушы органдарынан және азаматтардан заңсыз иеленіп отырған жер телімдеріне меншік құқығын тану туралы талап қою арыздары келтіріліп жатқандығын айтты.

Мезгілсіз уақытта баласының тұрғын жайдан тыс жерде жүруіне жол бергені үшін айыппұл салынды

08/06/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлігімен азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. 11 мамыр 2016 жылы сағат 23.55 шамасында кәмелетке толмаған 2001 жылы туылған Ж. есімді баласының заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен кейін жүруіне жол берген, нақ осы әрекетті жыл көлемінде қайталап жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31 815 теңге айыппұл салынды.

Көлік жүргізу құқығынсыз автокөлікті басқарғаны үшін 19820 теңге айыппұл салынды

08/06/2016

Қармақшы аудандық сотында Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669 бабымен көзделген әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарынан анықталғаны, құқық бұзушы Б. сот қаулысымен 2 (екі) жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, 27 мамыр 2016 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 22:30 минут шамасында Жосалы кенті, Мүсірбаев көшесінің бойында «Volkswaqen Passat» маркалы автокөлігін басқарып, сот актісін орындамаған.

Балаларына алимент төлеуден жалтарған

08/06/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Н., Қазалы аудандық сотының 29.07.2011 жылғы өндіріп алушы Ш-ның пайдасына 2/8 бөлікте алимент өндіру туралы атқару құжатын орындамай, Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген  құқық бұзушылық әрекетін  жасаған.

Сот отырысында азамат Н-ның әрекеті өзінің мойындауымен жауабымен қатар іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты.

Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді

08/06/2016

Сырдария  аудандық сотында 8 маусым 2016 жылы қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті, Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов жүргізді.

Шара барысында судья Ж.Жолдасов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 1 бөлігімен мен қаралған Т.-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Автокөлікті масаң күйде басқарған

08/06/2016

Шиелі аудандық  сотымен  құқықбұзушы  Ш-ға  қатысты  Қазақстан  Республикасы  ӘҚБтК-нің  608-бабының 1-бөлігімен  қозғалған  әкімшілік  ісі  қаралды.

Іс  құжаттарына сәйкес,  құқық бұзушы  Ш.  Шиелі-Алғабас  тас  жолы «Ақ тілек» мейрамханасы тұсында маркасы «Газ-3110» автокөлігін алкогольді масаю күйінде басқарған .

Соты   қаулысымен  Ш.   Қазақстан  Республикасының  ӘҚБтК-нің  608-бабының 1-бөлігінде  көзделген  әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін  кінәлі деп танылып,  көлік құралын басқару құқығынан 3 (үш) жыл мерзімге  айыруға  жаза тағайындалған.

Әйелін ұрып, денсаулығына қасақана зиян келтірген

08/06/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігімен сотталушы А-ға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотталушы А., 04 сәуір 2016 жылы сағат 21.30 шамасында Әйтеке би кенті, Р.Бағланова көшесінің бойында зайыбы Ш-ның бет тұсынан жұдырығымен бірнеше рет ұрып, денсаулығына қасақана ауырлығы  орташа зиян келтіріп, ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігінде қаралған қылмысты жасаған.