Архив событий

14/06/2016

Cот қызметкерлері арасында семинар өткізілді

14/06/2016

10 маусым 2016 жылы Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  соты  қызметкерлері  арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 16.05.2016 жылғы №6001-16-7-4/98 өкімімен  бекітілген  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтау

Қазалы аудандық сотында азаматтық іс бойынша брифинг өткізілді

14/06/2016

Қазалы аудандық сотында 09 маусым 2016 жылы аудандық «Қазалы» газетінің тілшісі А.Қазмағамбетованың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы М.Оспанов арызданушы А-ның заңдық маңызы бар фактіні анықтауды сұраған азаматтық ісі бойынша ақпарат берді.

Арал аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

14/06/2016

Жуырда, Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, медиаторлардың және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен, сот жүйесі дамуының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Е.Тұрбаев шараны ашып, қатысушыларға бұл кездесудің басты мақсаты БАҚ-пен және ҮЕҰ-мен өзара байланысты нығайту және сот жүйесінде жүргізіліп жатырған жаңалықтармен көпшілікпен бөлісу болып табылатындығын айтты.

Кәмелетке толмаған балаларға қатысты дау медиация тәртібімен реттелді

14/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған балаларға қатысты дау бойынша азаматтық іс қарады.

Талапкер М. сотқа берген талап арызында 09.08.2009 жылы туылған  А-ның тұрғылықты мекен жайын анасымен бір үйде бірге тұратынын анықтауды сұраған, кейін сот отырысында талапкер М. кәмелетке толмаған  09.08.2009 жылы туылған А-мен кездесу уақытын белгілеу туралы арызымен талабын нақтылаған.

Аудандық сотымен көшпелі дәріс сабағы өткізілді

14/06/2016

Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла Тереңөзек кентінің  әкімшілігінде аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, соттағы соңғы жаңалықтар және құқықтық сауаттылық бойынша көшпелі дәріс сабақтарын өткізді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/06/2016

Қармақшы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының судьялары мен төрағасы, прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Азаматтық істер бойынша брифинг

14/06/2016

Сырдария аудандық сотында «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Б.Жаналиеваның қатысуымен «Оңайлатылған іс жүргізу тәртібі» тақырыбында брифинг өткізілді.

Судья Ж.Жолдасов оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған талапкер «Қазақтелеком» АҚ-ның борышкерлерден берешекті өндіру туралы азаматтық істеріне тоқталып өтті.

Сонымен бірге, судья Ж.Жолдасов істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралуының ерекшеліктерінің бірі, ол тараптарды сотқа шақырмай бір айдың ішінде қаралатындығын атап өтті.         

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жіберу» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг

14/06/2016

Жалағаш аудандық сотымен Жалағаш АІІБ-де ММ-нің қызметкерлері арасында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электронды түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жіберу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Жалағаш аудандық сотының жетекші маманы Д.Шадаев көрнекті түрде электронды түрде әкімшілік істерді жіберу тәртібі, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алу тәртібін кеңінен таныстырды.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбына семинар сабақ өткізілді

14/06/2016

Байқоңыр қалалық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»  тақырыбына семинар сабақ өткізілді. Семинарға кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы А.Токешева  және  сот  мамандары  қатысты.

«Ашық есік күні» өткізілді

14/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні»  шарасы  өткізілді. «Ашық есік күніне» келген азаматтарды төраға міндетін атқарушы Қ.Бержанов қабылдады.

Қабылдауға Қызылорда қаласының көптеген тұрғындары келді. Соның ішінде Қ.Алайдарова қатысып, өзін толғандырып жүрген мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Облыстық сотта кадр резерві бойынша комиссиясының отырысы өтті

14/06/2016

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облыстық сотының кадр резерві бойынша комиссиясының отырысы өтті.

Жиынның күн тәртібінде аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары қызметіне кадрлар резервіне енгізу және кадрлар резервінен алып тастау мәселелері қаралды.