Архив событий

03/06/2016

« Төрелік » АЖ-нің сот отырысы бөлігі толтыру тақырыбында семинар сабағы өтті

03/06/2016

Қызылорда қаласының № 2 сотында 2016 жылдың мамыр айының 20 жұлдызында «Төрелік »  АЖ-нің сот отырысы бөлігі тақырыбында семинар сабағы өтті .

Семинарға кеңсе меңгерушісі  және  кеңсе қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны өткізу мақсаты сот қызметкерлерінің жұмыс барысында «Төрелік» ақпараттық жүйесінің сот отырысы бөлігін нұсқаулыққа сай дұрыс  толтыруын үйрену.

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

03/06/2016

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің 26.12.2014 жылғы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» талқылау өтті.

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемденіп алып, мүліктік зиян келтіру ісі бойынша брифинг өткізілді

03/06/2016

Қазалы аудандық сотында 02 маусым 2016 жылы жергілікті «Тәуекел туы» газетінің тілшісі М.Көптілеуовтың қатысуымен брифинг өткізілді.    

Брифингте аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев ҚР ҚК-нің 189-бабының 2,3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен айыпталушылар А.Т. мен А.К-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Анасын сыйламай жазаға тартылды

03/06/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Қ., 31 мамыр 2016 жылы сағат 21.30 шамасында анасы Н-ға былапыт сөйлеп, сыйламаушылық танытып, мазасын алып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Қ-ның әрекеті өзінің мойындау түсінігімен, жәбірленушінің жауабымен және істегі жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Қоғамдық жұмысқа тартылды

03/06/2016

Қармақшы аудандық соты ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігімен, яғни, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы бойынша қылмыстық істі қарады.

Келініне балағат сөздер айтқан

03/06/2016

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы Т-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 29 мамыр 2016 жылы сағ.14.00 шамасында құқық бұзушы алкогольдік масаң күйінде Төретам кентінде тұратын келіні Ж-ның мазасын алып, балағаттап, отбасы тыныштығын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы Т. өзінің ағасын ойнап жұлқылаған кезде, келіні араласып, ажыратпақшы болған сәтте балағаттағанын және осы қылығы үшін кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтты.