Архив событий

30/06/2016

Кәмелетке жасына толмаған жасөспірімге темекі бұйымын сатқаны үшін жазаға тартылды

30/06/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен азаматша Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.   

Азаматша  Д.,  2016 жылғы 16-маусым күні сағат 20.30  шамасында  Әйтеке би кенті, Аймауытов көшесі 1 үйде  орналасқан аралас заттар дүкенінде кәмелет жасына толмаған П-ға  бір қорап «Парламент» темекісін  сатып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сотта азаматша Д-ның әрекеті өзінің мойындауымен қатар, істегі жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау, сараптау, өңдеу, есепке алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды

30/06/2016

Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатында «Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, сараптау, өңдеу, есепке алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру» тақырыбында семинар - кеңес өткізілді.

Семинар - кеңеске Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының директоры мен қызметкерлері, сот жүйесіне қарасты мекемелердің іс жүргізу және мұрағат ісі мамандары қатысты.

Жаңақорған ауданында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданылуын талқылау мақсатында семинар өткізілді

30/06/2016

29 маусым 2016 жылы Жаңақорған аудандық соты аудан әкімдігінің ғимаратында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданылуын талқылау мақсатында семинар өткізді.

Семинар жұмысына Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Нұрлыбек Қосанов, аудан әкімі Руслан Рустемов, өңірдегі кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, барлық ауылдық округтердің әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері  қатысты.

Іс-шараны аудан әкімі Руслан Рустемов ашып, медиация ұғымына түсіндірме беріп, оның біздің еліміздегі алған орнымен, әлемдік қауымдастықтағы маңыздылығына тоқталды.

Неке медиация тәртібімен сақталды

30/06/2016

Қазалы аудандық сотында талапкер А-ның неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер А., өз талап арызында, жауапкер Ә-мен заңды некеде тұрғанын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын  айтып, көрсеткен.

Сотта тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, соттан азаматтық  істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Сот медиация тәртібіндегі келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірісі тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.