Архив событий

20/06/2016

Қызылорда қалалық және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен дөңгелек үстел өткізілді

20/06/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Қызылорда қалалық сот қызметкерлері біріге отырып «Сот кабинеті» интернет жүйесі және электрондық хат алмасу тәртібі»   тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Қызылорда қаласында орналасқан банктер, квази мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері  қатысты. 

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің жұмысы жайлы брифинг

20/06/2016

Арал аудандық сотының кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова 17 маусым  2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің жұмысы жайлы брифинг өткізді.

Қызылорда қалалық сотында семинар сабағы өтті

20/06/2016

Қызылорда қалалық сотының судьялары арасында «Жұмысқа қайта орналастыру туралы азаматтық істерді қарау» тақырыбында семинар өтті.

Семинар сабағында судья А.Джумабаев Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптарына тоқтала келе, соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  нормативтік қаулысы жайлы айтты.

Әкелік құқығынан айыру туралы талап қанағаттандырусыз қалдырылды

20/06/2016

Талапкер Г. жауапкер Д-ны әкелік құқығынан айыру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Талапкер Г. талап арызында, жауапкер Д-ның кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу міндеттерін атқармай, баласының оқу жабдықтарына материалдық көмек көрсетпей, алимент төлеуден жалтарып отырғаны, қазіргі уақытта  маскүнемдікке салынып кеткені айтылған.

Баламен кездесу уақытын белгілеу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

20/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баламен кездесу уақытын белгілеуді сұраған арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Кәмелетке толмағандар тонау жасаған

20/06/2016

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотына ҚК-нің 191 бабының 1 бөлігімен кәмелетке толмаған сотталушы К-ға қатысты қылмыстық ісі түсіп, қаралды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тренинг өтті

20/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандарды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу туралы» тақырыбында тренинг өтті.

Тренинг ювеналды сотының кеңсе меңгерушісі мен кеңсе қызметкерлерімен, судьясы Қ.Бержановтың  жүргізуімен өтті.

Шемішке қабығын тастағаны үшін ата-анасына айыппұл салынды

20/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 435 бабымен Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінен С-ға  қатысты әкімшілік іс түсіп, қаралды.

Істің мән-жайына тоқталсақ, құқық бұзушы С-ның  баласы 27.05.2016 жылы 20 сағат 10 минут шамасында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Есенов көшесінің бойында шемішке шағып, қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабында көзделген ұсақ  бұзақылық әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер жасаған.

Қазалы аудандық сотында алаяқтық қылмысына қатысты брифинг өткізілді

20/06/2016

Қазалы аудандық сотында 17 маусым 2016 жылы жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев    (01.01.2015 жылға дейін қолданыста болған) Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен айыпталған сотталушылар Б және Г-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.